27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ төрағасы қос кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы қос кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

19 қазан. Нұр-Сұтан. Ummet.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен танымал ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың «Ұлы Дала әдебиеті» және «Қорқыт Ата кітабы» кітаптарының таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алқалы жиынға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелді, Түркия Елшісі Невзат Уянык, Әзербайжан Елшісі Рашад Мамедов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Жансейіт Түймебаев, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Сауытбек Абдрахманов, Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар, бірқатар БАҚ басшылары қатысты. Басқосуды жүргізіп отырған Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі академик Мырзатай Жолдасбековтің ел тәуелсіздігінің қалыптасуы кезеңінен бері мемлекет қайраткері, білікті дипломат екендігімен қоса, түркология саласына өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым екенін де атап өтті.

Алқалы жиында сөз алған Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы: «Ұлы Дала әдебиеті» кітабына Мырзатай Жолдасбекұлының саналы ғұмырын арнаған жүйелі зерттеу еңбектері топтастырылған екен. Ал «Қорқыт ата кітабы» басылымында автор кітаптың әйгілі Дрезден нұсқасын тұңғыш рет қазақ тіліне түпнұсқадан толық аударып, транскипциясы мен сөздігін қоса ұсынған. Менің ойымша, бұл еңбектер діні мен дәстүрін сақтап, ел үмітін ақтайтын жас буынның рухани өмірінің шамшырағы болады деп есептеймін», - деді.

Бөлісу: