01
Жұма,
Қараша

һижри

Бас имам ақ самайлы аналармен жүздесті (ФОТО)

Бас имам ақ самайлы аналармен жүздесті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

18 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас имам Нұрлан Рамазанов мешіттегі әжелер мектебіндегі ақ самайлы аналармен жүздесті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. 

Елорда төріндегі «Нұр Астана» мешітіне әлденеше жылдан бері қалыптасқан Әйелдер-қыздар секторының әжелер мектебі бар. Онда ақ тілеулі аналар білім нәрімен сусындап, тәрбиелік маңызы бар түрлі іс-шараларға ұйытқы болып, бас шаһардың діни руханиятына өзіндік үлесін қосып келеді.

Жуықта ғана Бас имамдық қызметке тағайындалған Нұрлан Рамазанов әжелер мектебінің өкілдерімен мешіттегі аналар жайған ақ дастархан басында жүздесті.

Кездесу аясында сауат ашу курсының жай-күйі, сектордың рухани іс-шаралары, алдағы уақыттағы жұмыс жоспары мен бағыт-бағдары сөз болды.

Н.Рамазанов ұлт тәрбиесіндегі, өскелең ұрпақ арасында дұрыс ұстанымдарды насихаттаудағы аналардың рөлі мен маңызын тілге тиек етіп, аналардың ақ жарма тілегіне ризашылығын білдіріп, алдағы білім сапарлары мен рухани бағыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ақ жаулықты аналар Бас имамды жаңа қызметімен құттықтап, жұмыс жолына сәттіліктер тілеп, ақ батасын берді.

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: