27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтті

Отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

7 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - «Нұр Астана» мешітінде отбасы күніне орай еркін форматта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің Әйелдер-қыздар секторына қарасты «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубы қасиетті Мұхаррам айына тура келген Отбасы күніне орай «Жанұя жарасымы» атты іс-шара аясында отбасы құндылықтарын насихаттады.

Іс-шараға мешітіміздің Әйелдер-қыздарға арналған сауат ашу курсының ұстазы, клуб жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызы, «Жібек» клубының мүшесі Айгүл Ырысбекова және жаңадан үйленген 10 жұп жас жұбайлар арнайы қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушыларына мешітіміздің ұстазы Қ. Қажымәлікқызы Исламдағы отбасылық құндылықтар, ер-әйелдер міндеттері мен хақылары, жұбайлар жарасымы, ұрпақ тәрбиесі жайында баяндама жасады.

1

1

1

4

1

1

1

1

Бөлісу: