27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған семинар басталды

Діни қызметкерлердің кәсіби біліктілін арттыруға бағытталған семинар басталды

Мешіт тынысы
Жарнама

3 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде діни қызметкерлердің біліктілігі мен діни қызметтің сапасын арттыру мақсатында кәсіби құжаттарды үйренуге бағытталған семинар басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құқықтық сауатын жоғарлату, діни қызметтің сапасын арттыру – әрі заман талабы, әрі бүгінгі қоғамның сұранысы болмақ. Осындай сындарлы жауапкершілікті сезінген мешіт ұжымы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру шараларын қолға алды.

Семинар барысында ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, мешіттің діни қызметкерлері «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақастан мұсылмандары діни басқармасының Жарғысы, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», Мешіт ережесі, Мешіттің ішкі тәртібі қатарлы құжаттардың мазмұнын қайталай пысықтап, толықтай үйренетін болады.

Бас имам Асқар Мұқановтың төрағалығымен өткен алғашқы семинар барысында «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақастан мұсылмандары діни басқармасының Жарғысы, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» қатарлы құжаттар бойынша дәріс оқылды.

Семинар соңында «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» негізінде 2019-2020 жылдарға арналған сауат ашу курсының жұмыс жоспары бекітілді.

Мешіт жұмысының сапасын арттыруды көздеген семинар апта сайын өткізіледі.

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: