01
Жұма,
Қараша

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен жыл сайын республика көлемінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Бұл жоба Білім және ғылым министрлігінен бастау алып, өңірлерімізде жаңа оқу жылына баратын оқушылардың білім баспалдағына әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған кең ауқымды шараға айналып отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздегі медреселерде жаңа оқу жылына қабылдау емтихандары басталды.

Ислам – бұл өмірдің бақытын ақыреттік бақытқа жалғастырған, қос өмірдің қадірін дұрыс өлшеуге бағыт беретін Хақ дін. Хақ дінге ақ жүрекпен бет бұрған жандар қатары шет елдерде де, өз елімізде де күн санап артып жатқанына бүгінгі қоғамның өзі куә. Әлем таныған тұлғалардың Исламды қабылдауы көптеген адамдар үшін айрықша жаңалық болса, біз үшін Алланы – хақ, Құранды – шын, пайғамбарын – Мұхаммед деп таныған әрбір адамның қарекеті – қайырлы құбылыс. Ислам белгілі адамдардың оны мойындауына мәжбүр емес, ақиқатында, жұмыр басты пенделер Исламды қабылдауымен – жұлдызы жанған жандар.

Ислам – бейбітшілік пен мейірім тұнған дін. «Өзіңе қалағанды өзгеге де тіле» қағидасына берік мұсылман үмметі пайғамбар өсиетін қай заманда да жадында ұстайды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрт бағыт «Мейірімділік мекені» жобасына сай «Нұр Астана» орталық мешітінің мұрындық болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да тамыз айында жалғасын таппақ.

Қасиетті ораза айт мейрамында «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курсы ұстаздары мен дәріске қатысушы қыз-келіншектері мешіт алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге дәмді үй ас-тағамдарын әкеліп сатып, онан түскен қаражатты қайырымдылық жолында жұмсады.

Ораза айт мейрамы «Нұр Астана» орталық мешіті алаңында халықпен бірге жылдағыдай ерекше екпінмен аталып өтті. Айт намазын оқып, мерекелік жәрмеңке қызығына кіріп, қазақы үйлерден дәм татқан жұртшылыққа «Нұр Астана» мешіті арнайы концерттік, мерекелік бағдарлама ұсынды.

Қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасқан астаналықтар мешітке келіп айт намазын өткеннен соң, «Нұр Астана» орталық мешітінің арнайы ұйымдастырылған мерекелік дастарханынан дәм татты. Ұлық мерекеге орай дәстүрлі жәрмеңке өткізіліп, таң сәріден мешітке аяқ басқан халық емен-жарқын әңгімелесіп, дастархан басында бас қосты.

Бүгін Астана мешіттерінде Ораза айт намаздары оқылды. Таң атысымен мешітке ағылған халық қарасы дінімізде дәріптелген мерекелердің бұқаралық сипат алып келе жатқандығын көрсетіп отыр. Есі кірген баладан еңкейген қарияларға дейін мешітке жиылып, дін ислам жайында уағызға қанығып, осынау мерекені бірлікте жамағатпен айт намазын оқудан бастады. «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бұқараны Ораза айтымен құттықтай келе, дініміздегі мерекелердің мән-маңызы туралы әңгімелеп берді.