Иісі мұсылман қауымы үшін қадірлі мереке – Құрбан айты да келді. Қазақ жұрты да осынау мерекені қуана күтуде. Дін мен ділдің тамырын тарихпен сабақтастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы жылдары екі айт мерекесін – Ораза және Құрбан айт күндерін ерекше екпінмен, ұлттық әрін кіргізе атап өтіп келеді. Ертеден салтына сіңген мүбәрак мейраммен қауышқан халық бұл үрдісті жылы қабыл алды. Мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін күннің қадір-қасиеті мен мән-маңызы туралы ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлынан сұрап білген едік...
Құрбан айт мерекесінде өткізілер шаралар аңдатпасы
НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?
Нұр Астана мешіті толықтай жаңартылды (ФОТО)
Құрбан айт мейрамы қарсаңында «Нұр Астана» орталық мешітінің іші-сырты толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, мерекеге толықтай әзірлік жасалды. Дәлірек айтқанда, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ауыз толтырып айтар біршама жұмыстар атқарылды.
Қасапшыларға арналған семинар-тренинг
Санаулы күндерден кейін мұсылман қауымының шаттана тойлар ұлық мерекесі - Құрбан айт мейрамы басталмақ. Бір қуанарлығы, жыл өткен сайын елімізде аталған мұсылмандық мейрамның қадір-қасиетін түсініп, құрбан шалуға ниет білдірушілердің қатары едәуір артып келеді. Елорда тұрғындарының құрбан шалуларына жағдай жасау мақсатында ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігі қала әкімшілігімен бірлесіп, шахар маңдарынан арнайы орындар белгілеп, халыққа қызмет көрсететін қасапшыларды тіркеуден өткізді.
Құрбан айт үнпарағы таратылды
Ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы күн санап жақындап келеді. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің ең ұлық ғибадаты ол – құрбандық шалу. Әрбір шамасы жеткен мұсылман баласы құрбандық шалып, Алла алдындағы міндетін іске асырады. Ең басты құрбан шалатын кісі құрбандықтың шариғаттағы үкімін жақсы білгені дұрыс болады.
Осы мақсатта «Нұр Астана» орталық мешіті құрбандық шалу рәсіміне қатысты қазақ және орыс тілдерінде 10 000 дана түсіндірме-ақпараттық үнпарағы шығарылып, жұма күніне келген халыққа таратылды. Осындай іс-шаралар қала мешіттерінде де жалғасын тапты.
Айта кетейік, аталған үнпарақта құрбан шалудың шариғи үкімдері, Астана мешіттерінің атсалысуымен өтетін «Раббың үшін Құрбан шал!» қайырымдылық шарасы және құрбан шалушылар үшін Астана қаласы әкімдігі бекіткен арнайы мал сойылатын орындар мен мекенжайлар қамтылған.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
Сенбіліктегі серпіліс
Ислам – тазалыққа құрылған дін. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді өзі тұратын жерді де ұқыпты ұстауы үлгілі істің көрінісі болып табылады. Бүгінгі жүргізілген шара осыны айғақтайды.
Астана қаласында қасапшыларға семинар өтеді
«РАББЫҢ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛ!»
акциясына қатысуға шақырамыз!
Құрметті жамағат! Қасиетті Құрбан айт мерекесінің ең ұлық ғибадаты – құрбандық шалу. Астана мешіттері жылдағы дәстүр бойынша «Раббың үшін Құрбан шал!» қайырымдылық акциясын өткізеді. Айттың басталуына санаулы күндер ғана қалды. Сондықтан құрбандық шалуға мүмкіндігі бар барша жамағатты шараға қатысуға шақырамыз! Акция аясында сойылған құрбандық еттерін тиісті мұқтаж жандарға таратылатын болады.
Құрбан шалатын орындар
Астана қаласы әкімдігі құрбандық шалатын арнайы 8 орын әзірлеп отыр. Баршаңызды осы орындарда құрбандық шалуға шақырамыз.
1. «Алтын Таға» мал базары Астана-Қосшы тас жолында,
2. «Пищекомбинат-Астаналык плюс» ЖШС М.Дулатов көшесі, 191;
3. «Нурбереке 555», Алаш тас жолы, 30 «Көк» базар маңында;
4. «Метро» сауда үйінің маңы «Астана-Қарағанды» тас жолы 4/1;
5. «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 9 шақырым;
6. «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы 7 км;
7. «Жайлау» шаруа қожалығы, «Алаш» тас жолы, «Алаш» базарының маңы;
8. «Мақсат 2007» ЖШС, Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
ҚАСАПШЫЛАР ҚАЖЕТ
Астана қаласы әкімдігі құрбандық шалатын арнайы әзірленген 8 орында құрбандық шалатын кәсіби қасаптар қажет. Осыған орай, құрбан айт күндері қасапшылық қызметін атқарамын деушілерді тіркеу жүргізілуде. Қасапшыларды мешіт имамдарына жолығуларын сұраймыз. Сонымен қатар қасапшыларға арнайы түсіндіру семинары ұйымдастырылып, арнайы рұқсат қағаздар беріледі. Семинар 20 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткізіледі.
Астана имамдарына семинар өткізілді (ФОТО)
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Зайырлылық – мемлекеттік пен ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры» атауымен елорда имамдарына арналған семинар өткізілді. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Діндер жөнінде ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Дін істері комитеті басқарма бас сарапшысы, саяси ғылымдар кандидаты Мейрам Иманбаев, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Әлмұқанов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан қатысты.
«РАББЫҢ ҮШІН ҚҰРБАН ШАЛ!» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!
· Бір кісіден жеті кісіге дейін ірі қара малды бірігіп құрбан шалу;
· Бір кісі 30 000 теңгеден береді;
· Құрбан еттерін мұқтаж жандарға үлестіру;
Бас мүфти айтқа дайындық барысымен танысты (ФОТО)
Бүгін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Астана» орталық мешітінің қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық барысымен танысты. Наиб мүфти, бас имам Наурызбай қажы Өтпенов бас мүфти тапсырмасына орай Құрбан айт мерекесіне дайындық деңгейімен таныстырып, мешітті қалпына келтіру жұмыстар жайын баяндады.
Қажыларға бата беру рәсімі өтті (ФОТО)
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің қажылық маусымына орай ұйымдастырған үш күндік курсы аяқталды. Осы үш күн ішінде Астанадан аттанатын отандастарымыз мұсылманның бесінші парызы – қажылықтың мән-маңызы, ондағы рәсімдер, қажылықтың парыз болу шарттары, Ихрам хәліндегі жағдай, ұстанатын шарттар мен тыйымдар, Арафа мен Мұздалифа жазығындағы амалдар, Минадағы рәсімдер, Тәшриқ күндері, Ихрамнан шығу, парыз тауабы мен сағи, Әйелдерге қатысты үкімдер секілді маңызды тақырыптарда дәріс алды.