Қадірлі Рамазан айында республика көлемінде қайырымдылық шаралары көптеп өткізілуде. Бұл алдымен ізгі айда сауапты істерге ұмтылушы мұсылман жұртшылығының атсалысуымен болып жатқан шара болса, ел мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы ораза қарсаңындағы үндеуінде барша қазақстандықтарды қайырымдылық істерін жиі өткізіп, мұқтаж жандарға қарайласуға шақырған еді.
Ақмолалық ағайындарға көмек көрсетілді (ФОТО)
Қасиетті айдағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан атқарылар қайырымдылық шаралары республика көлемінде өткізіліп келеді.
Мұқтаж отбасыларға қамқорлық көрсетілді (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айына арнап жариялаған Үндеуінде барша халықты қайырымдылық істерін жиі ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырған еді.
«Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау
Рамазан айының құрметіне «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы жағдай
1.1. «Жарапазан-Party» атты байқау (ары қарай – Байқау) жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады;
1.2. Байқау қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылады;
1.3. Байқау туралы ақпарат алдын-ала www.ummet.kz сайтында жарияланады;
1.4. Байқауға Астана қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.
Наурызбай Тағанұлы: «Ораза айында адам кең пейіл, кешірімшіл болуы керек» (тікелей тілдесу)
Сейсенбі күні редакциямызға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бас сұғып, ораза айына орай қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шығып, қоңырау шалған көпшіліктің және газет журналистерінің көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Осы ғибратты әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Ізгіліктің ізімен өлшенер іс...
Иісі мұсылман жұртшылығы сағына күткен Рамазан айы да басталды. Ізгілік айында игі үрдістен жаңылмаған «Нұр Астана» орталық мешіті ауызашар дастарханын жайып, елордалықтар алғашқы ораза күнін Алла үйінде ашты.
«Әс-Сәлам» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО)
Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Әбубәкіров Нұрбол Абсаттарұлы Астана қаласы Теміржолшылар кентіндегі «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Рамазан – рухани кемелдік айы
Ардақты ағайын! Бәрімізді жарылқаушы, қорғаушы, мейірімі шексіз Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айына да келіп жеттік. Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жол сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Аллаһ сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» дейді. Алла тағала мүбәрак айдағы құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл, иманымызды кәміл етсін.
Жазғы курс жетті мәреге (ФОТО)
«Бір жылыңды ойласаң - егін ек, он жылыңды ойласаң – ағаш отырғыз, жүз жылыңды ойласаң – ұрпақ тәрбиелеп, білім бер»
Халық даналығы
«Имани жаз - 2015» діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті (ФОТО)
«Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастырумен Астана қаласы мешіттерінде өтіп жатқан «Имани жаз - 2015» жазғы діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында алған білімдерін шыңдау, білім алуға деген ынта-жігерлерін арттыру мақсатында «Білімге құштар иманды жас» атты білім сайысы болып өтті. Сайысқа Астана қаласының 8 мешітінен шәкірттер қатысты.
Жарыс төрт айналымнан тұрды: таныстыру, Ислам тарихы, бес парыз және жүзден жүйрік.
Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!
16 маусым күні сағат 15:00-16:00 аралығында он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана ақшамы» газетінің редакциясында тікелей желіде оқырмандардың оразаға байланысты сұрақтарға жауап береді.