25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кеше Малайзия елінің Сұлтан Зайналабидин университетінің вице-канцлері, професор, ғылым докторы Яхйа ибн Ибрахим бастаған делегация Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне келді. Мәртебелі меймандар келелі кездесу барысында еларалық білім саласындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту жайын талқылады.

Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) мүшелерінің 20-22 мамыр күндері Астана қаласы мешіттерінің жамағатымен өткізетін уағыздарының КЕСТЕСІ

Қасиетті Ережеп айының жиырма жетінші түніне сәйкес келетін миғраж түні қарсаңында "Нұр Астана" мешіті сауабы мол қасиетті айда ораза ұстаған мүмін жандарға арнап дастархан жайды. 200-ден аса жамағат жиылып, қадірлі кеште ғибратты уағыз,  салиқалы әңгіме айтылды.

Бүгін ҚМДБ-ның Халал стандарты бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Асхат Сәлімов Елордадағы «Мумтаз» халал мейрамханасы ұжымымен кездесіп, мейрамхана басшылығымен "Мумтаз" өнемдері Халал стандарт талаптарына сай болу жақтарын әңгімеге өзек етті.

Құрметті астаналық қарилар! 2015 жылдың 28-29 мамыр күндері Алматы қаласында кезекті VI республикалық Құран Кәрім жарысының туы желбіремек. Осы республикалық жарысқа астаналық қарилар арасында «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен іріктеу байқауы өтеді.

Бүгін Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» Ақмола іргесіндегі су апатынан зардап шеккен ауылға гуманитарлық жеткізілді.

Құрметті ата-ана!

 

Астана қаласы мешіттері мектеп жасындағы балаларды мамыр айының 26 мен маусым айының 16 аралығында болатын жазғы сауат ашу курсына шақырады.

Бүгінгі қалың қазақ елі тойлап отырған Жеңістің жетпіс жылдық мерекесі – кешегі оқ бүркіген майданда от кешкен жауынгер, қайсар батырлардың ерлігі һәм ұрпаққа қалдырған өшпес өнегесі. Сол уақытта жастық жалыны сұрапыл соғыстың сапында өткен қазақтың өрен ерлері аз болмады. Осындай майдангердің бірі – Баймұхан Әбіловтің шаңырағына «Төлебай» мешітінің бас имамы Ибрагим Келдібайұлы ұлы мерекемен құттықтай барды.

Елорда іргесіндегі «Төлебай» мешітінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай рухани шара өткізілді. Жергілікті ардагерлер одағы өкілдерінің, «Нұр Отан» партиясы мен Мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен игі шарада майданда от кешіп, тылда еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Қазақ елі ұлттар мен ұлыстардың, халықтың қара шаңырағына айналған мемлекет. Таяуда ғана Елорда төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы өтіп, онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел бірлігін нығайтуда үлкен маңызға ие ассамблеяның жиырма жылдық мерейтойымен барша қазақстандықтарды құттықтап, жүрекжарды тілегін де білдірген еді.