11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Алматы: 500 отбасыға көмек берілді

Алматы: 500 отбасыға көмек берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Алматы қалалық Орталық мешітінде республикалық «Жетім көрсең жебей жүр!» жобасының қайырымдылық шарасы өтті.


Бұл игі шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, қала мешіттерінің имамдары және ерікті жамағат қатысты.

Игі шара барысында сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай ең алдымен, қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қайырымдылық марафонының маңыздылығына тоқталды. Дінімізде жетім-жесірге қарайласудың, қамқор болудың сауабы мол екенін атап өтті. Сонымен қатар, тағдырдың жазуымен әке-шешесінен ерте айырылған яки қараусыз қалған отбасыларға қол ұшын беріп, жақсылыққа жаршы болған барша жомарт жандарға алғыс білдірді.  

Қайырымдылық себеттері мұқтаж отбасылардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізілді. 

01.jpg

06.jpg04.jpg

07.jpg

08.jpg

13.jpg

Бөлісу: