27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Оразаға арналған «халал диета» ұсынылды

Жаңалықтар
Жарнама

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Халал Даму» мамандарының ұйымдастыруымен 30 күнге 30 түрлі ас мәзірін ұсынатын «Халал диета» онлайн марафоны @haladamu.kz парақшасы арқылы көрерменге жол тартты.

«Ораза – ашығу айы емес, алайда, тамақты тоя жейтін мезгіл де емес. Ораза – деннің саулығын сақтай отырып, Жаратқанға құлшылық қылатын ай. Дегенмен көптеген адамдардың сәресі мен ауызашарда дұрыс тамақтанбауы себепті күні бойы аштықты сезінгендей немесе шөлдегендей болып, тек асқазанның қамын ойлайтындай жағдайға жетеді.

Бұның барлығы түптеп келгенде, зиянды тағам мен дұрыс ас мәзірін даярламаудың салдары. «Халал диета» артық салмақты адамдарға, жүрек қан тамырларының ауруы бар адамдарға, содан кейін бауыры мен өт жолы ауыратын адамдарға пайдалы. Өйткені ораза ағзадағы зиянды нәрселерді шығарады. Мәселен, күніне төрт мезгіл тамақ ішу керек дейтін болсақ, сол тамақты ішіп жүрген кезде ол белгілі бір деңгейдегі заттарға ыдырайды да, зиянды нәрселердің шығуына мүмкіндік болмайды.

Ал ашығу кезінде іштегі тұздардың еруіне, адам ағзасындағы зиянды қалдықтардың тазаруына мүмкіндік туады» деген Айбек Асқарбекұлы бұл марафонның медициналық тұрғыдан денсаулығында ақауы бар адамдарға пайдасы зор екенін жеткізді.

«Халал диета» марафонының ас мәзірін дайындаған технолог, медицина маманы, нутрициолог Айзат Сатаева: «Ашығу кезінде адамның жүйке жүйесі, асқазаны тітіркенген жағдайда тұрады. Әлсіреп, шаршап тұрасыз. Сондай кезде, бірден қуырылған тамақ жеуге болмайды. Екіншіден, ащы тамақ жеуге тағы болмайды. Өйткені ашығу кезінде асқазандағы сөл көбірек бөлініп тұрады да, қышқыл бөлу деңгейі сәйкес келмей, астың қорытылуына кері әсерін тигізеді.

Үшіншісі – малдың майы. Кез-келген малдың майының құрамында жүрек қан тамырларының жүйесін бітеп қалатын қышқылдар өсімдік майларымен салыстырғанда көбірек болады. Денсаулыққа ең пайдалысы – таза асылып, піскен ет. Сосын сорпалы тамақты неғұрлым көбірек ішу қажет. Міне, тағам құрамы мен құрылымының адам организміне әсері мен пайдасын ескере келе сәресі мен ауызашарға арналған арнайы ас мәзірін ұсынып отыруды жөн көрдік» дейді.

Алланың мейірімі мен кеңшілігінен үміт ете ораза ұстаған барша жандарға Рамазан айын тәніміз бен жанымыз үшін де пайдалы өткізуге кеңес береміз! Ендеше, білікті мамандардың кәсіби кеңесімен дайындалған «Халал диета» марафонын жіберіп алмаңыз!

a8e435cf-2bbb-4acc-9a8a-23253ec52194.jpeg

Бөлісу: