26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Балаңыздың ернінен сүймеңіз

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әке-шеше үшін бала деген өте маңызды әрі қадірлі. Жүктілік дәуірі кезінде 9 ай бойы әке-шеше баласын құшағына алатын күнін сабырсыздана күтеді. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан кезде әке-шешенің  жүрегі қуаныштан жарыла жаздайды. Енді, міне, сағына күткен балаларын құшақтап, оны сүю мүмкіндігіне ие болды. 

Дүниеге келгеннен кейін нәресте үшін әке-шешесінің денесіне өзін жақын сезінуі өте маңызды. Яғни, нәрестені әке-шешесі құшақтап, сүйген кезде ол өзін сенімді сезінеді.

Дегенмен де, нәрестелер мен балалардың сүюге болатын беттері, жұп-жұмсақ қолдары, торсықтай шекесі тұрған кезде неліктен олардың еріндерінен сүюіміз керек? Баласының ернінен сүйген ата-ана «оны қаттырақ жақсы көрдім» деп ойлай ма? Әрине, жоқ. Керісінше, ата-аналар балаларын жақсы көретін болса және оларға физикалық немесе рухани тұрғыдан зиянын тигізгісі келмесе, олардың еріндерінен сүймесін. 

Балалардың ернінен сүюдің төмендегідей зияндары бар:

• Иммунитеттері әлі әлсіз болғандықтан, біздің аузымыз арқылы микробтар ағзасына тезірек өтеді де жиі сырқаттанады.

• Ұшық, безеу, тіс етінің жаралары секілді инфекциялардың өту қауіпі бар. Әсіресе, нәрестелер мен балалар үшін ұшық өте қауіпті.

• Балаларға жыныстық тәрбие беру барысында денелерінің өздеріне ғана тән бөлігі бар екенін және ол жерлеріне ешкімнің қол тигізуіне рұқсат бермеуі керек екенін айтып жатқанда, егер ата-ана өзі баласының ернінен сүйетін болса, баланың санасында қарама-қайшылықтар туындайды.

• Ата-анасы ернінен сүйетін балалар басқалардың да ернінен сүюіне қарсылық білдірмейді. Өйткені, балалар үшін ата-аналарының барлық ісі дұрыс болып есептеледі және рұқсат етіледі деп ойлайды. Осылайша, олар өздерін жаман ниетті адамдардың іс-әрекетінен қорғай алмайды, тіпті олардың бұл әрекетінің жаман және зиянды екенін түсіне де алмайды.

• Әкесі ұлының, анасы қызының ернінен сүйген кезінде бала жыныс анықтауда қиналу, өскенде басқа жынысты таңдау,яғни өз жынысын иелене алмау секілді қауіптерге жол ашуы мүмкін.

• Әкесі қызының, анасы ұлының ернінен сүюі болашақта әке-шеше мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Тіпті, бұл балалар ертең үйленген кезінде отбасылық өмірі мен жыныстық өмірінде де қиындықтарға душар болуы мүмкін.

• Еріннен сүю жыныстық белгілерді де қамтитындықтан, балада жыныстық дабыл ерте қағылып, баланың басы қатады әрі оның дамуына да кері әсерін тигізеді.

• Әке-шешесі тарапынан ернінен сүйілетін бала мектепте досының немесе үйге келген қонақтың ернінен сүюге тырысса, онда оның бұл әрекеті қоғамды өз орнын табуына зиянын тигізеді.

Балаларымызды сүйейік, тіпті жиі-жиі сүйейік. Бірақ, ернінен, құйрығынан немесе санынан емес, бетінен, қолынан, шекесінен сүйейік.

 

 

Елжас Ертайұлы

Islam.kz

Бөлісу: