25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылман қыздың атеист жігітке тұрмысқа шығуына бола ма?

Мұсылман қыздың атеист жігітке тұрмысқа шығуына бола ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ислам шариғаты бойынша мұсылман әйел заты тек қана мұсылман ер адамға ғана күйеуге шыға алады. Мұсылман емеске тұрмысқа шығуына болмайды.

Құран тілімен айтқанда: «Мұсылман әйелдері оларға (кәпірлерге) халал емес, ал олар мұсылман әйелдерге халал емес». ("Мүмтәхина", 10 аят). 

Мұсылман деп, Алла Тағаланы бір, Мұхаммед пайғамбарды пайғамбарым дейтін кісіні айтамыз. 

Атеист адам иман шарттарына сенбейтіндіктен, мұсылман болып есептелмейді. Сондықтан да, атеист ер адаммен отау құру Ислам діні бойынша ауыр күнә, харам іс. Тұрмысқа шыққан күннің өзінде некелері шариғи тұрғыда заңды саналмайды, ал араларындағы қатынас «зина қатынасы» болып есептеледі. 

Иман шарттары: Аллаға сену. Періштелеріне сену. Түсірген кітаптарына сену. Пайғамбарларына сену. Ақырет күніне сену. Тағдырға - жақсылық та, жамандық та Алладан екендігіне сену.

Дәлел 

Мұсылман әйелдің тек мұсылман ер адамға ғана шығу керек деген үкім Құранның мына аяттарына сүйенеді:

«(Мұсылман әйелдерді) мүшриктерге некелемеңдер, мүмін болғанға дейін. Шынында, мүмін құл – сендерге ұнап тұрса да мүшриктен артық. Олар тозаққа шақырады. Алла болса, оның рұқсатымен кешірімге және пейішке шақырады. Мүмкін ескерер деп, адамдарға аяттарын анық түсіндіреді»1

«Ол әйелдердің мүмін-мұсылман екендіктерін білген болсаңдар, оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Мұсылман әйелдері оларға (кәпірлерге), олар мұсылман әйелдерге халал емес»2.

 

1  Құран Кәрім: «Бақара» сүресі, 221 аят.
2  Құран Кәрім: «Мүмтахина» сүресі, 10 аят.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: