25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

УЗИ арқылы сәбидің жынысын білуге шариғат қалай қарайды?

УЗИ арқылы сәбидің жынысын білуге шариғат қалай қарайды?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жүктілік кезінде баланың қалай дамып, жетіліп жатқанын көру үшін дәрігерлер әйелдерді УЗИ-ге түсуге жібереді. Көп ерлі-зайыптылар сол УЗИ арқылы баланың кім екенін біліп жатады. Бұл шариғатымызға қайшы емес.  

Рас, Құранда «....жатырдағыларды (тек) Алла біледі»[1] деген аят бар. Алайда, аяттың меңзегені - ғайыбты топшылап, әлі жатырда пайда болмаған баланы болжау. Ал іште жаратылып қойғаннан кейін баланың қыз не ұл екенін анықтау - ғайыбтан хабар беру емес. Ол дегеніміз, Алла Тағаланың жаратып, белгілеп қойған нәрсесіне арнайы құралдар арқылы көз жеткізу ғана.

XIII ғасырда өмір сүрген әйгілі тәпсірші, ғұлама Мұхаммад бин Ахмад әл-Қуртуби  (ө.ж.м. 1272 ж.) аталмыш аятқа түсіндірме бере келе былай деп өтеді: «Аят – жұлдызға, не басқа нәрселерге қарап бал ашушыларды жоққа шығару үшін айтылған. Адамдар ұзақ жылдар бойғы тәжірибеге сүйеніп, құрсақтағы баланың ұл не қыз екенін анықтау сияқты кейбір нәрселерді білуі мүмкін. Десе де, тәжірибелер де кейде жаңылысып жатады. Ал Алланың білуі еш қатесіз, нақты!»[2], – дейді.

Іштегі шақалақтың қыз не ұл екенін жүктіліктің тек 15-ші аптасында ғана нықтау мүмкін. Әйткенмен, ғұламаның айтқаныдай, кейде шақалақтың кіндігін ұл баланың жыныс мүшесіне ұқсатып, шатастырып жататын кездер де кездеседі. 

 

[1] Лұқман – 34 аят.
[2] Әл-Қуртуби, әл-Жамиғ Лиахкамиль Құран – 14/82 және 7/7бет.
Бұл мәлімет - 2013 жылы muslim.kz сайтында жарық көрген жазбамның аз-кем өзгертіліп, қайта жария етілген түрі.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: