25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті: Барлық істе орта жолды ұстану

Пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті: Барлық істе орта жолды ұстану

Исламдағы отбасы
Жарнама

Алла Тағала айтады: «Осылайша, сендерді орташа үммет қылдық» («Бақара» сүресі: 143).

Алла Тағаланың адал етекен жақсы нәрселерден өздерін біржолата ажыратқысы келген адамдарды айыптап, Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген еді:

«Пәлен етеміз, түген етеміз деп айтатындай ол адамдарға не болды екен? Алламен ант етемін, шындығында, сендердің іштеріңде Алладан ең қатты қорқатын және ең қатты сақтанатын – мен емеспін бе, алайда бірде ораза ұстасам, бірде аузым ашық болады, бірде намаз оқысам, бірде жатып тынығамын, сондай-ақ әйелдерге де үйленемін. Ал, енді кім менің сүннетімді қаламаса, ол – менен емес».

Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) дана да кәміл сүннеті бүкіл істе орташалықты ұстануды көздегендіктен, құлшылықтың кез-келген түрі шамаға қарай атқарылуы керек, әйтпесе шамадан тыс көтерілген жүк бір күні белді қайыстырады, немесе одан да бетері – құлшылықтан мүлдем бетті қайтарып тастауы мүмкін, нәтижесінде пайда жинаймын деген адам үлкен зиянға ұшырап қалады.

- шамадан тыс тамақ ішу адамның денсаулығына да мал-мүлкіне де зиян келтіреді;

- артық ұйқы уақытқа зиян келтіреді, жалқаулыққа бастайды;

- шектен тыс төсектік қатынас дайындықсыз жақындасуға дағдыландырып, төсек рақатының берекесін қашырады;

- адамдарға, туыстарға, әйел-балаға, жұмысқа деген шамадан тыс махаббат Алланың алдындағы міндеттерін ұмыттырады;

- шамадан тыс жеккөрушілік біреуге зиян тигізуге, қылмыс істеп қоюына апарады;

- шамадан тыс уайым өмірден түңілдіріп, өзіне өзі қол жұмсаттырады;

- шамадан тыс білім іздеген адам өмірден тәжірибе жинай алмайды, ол өмірге айналасында болып жатқан оқиғалар мен жағдайларды есепке алмай, тек кітап сөзінің шеңберінде қарайтын болады;

- көп сөзділік өсек, сыр ашу, ғайбат секілді тіл апаттарына апарады;

- фиқһ көзқарастарға шамадан тыс көңіл беру адамды қатты қылып, өзінен адамдарды қаштыруы мүмкін.

Ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де тамаққа тойымсыз болса, жұмыстан қолдары босамаса, уайымшыл болса, ысырапшыл немесе сараң болса, кертартпа немесе немқұрайлы болса, қатыгез немесе ойланбай істейтін болса, қамсыз немесе өмірден түңілген болса, онда қалайша бақытты өмір кешеді? Алайда әр нәрсені есепке алып, әркімге қақысын беріп, өздерін бүкіл істерде орташа ұстайтын болса, әлбетте, өмірлері ислам діні көздеген шынайы бақытқа қол жеткізеді.

Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Істерде шектен тыс шығатындар құрыды!»-деп үш мәрте айтқан екен. Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл сөзін, алдымен, білім ретінде санамызға бекітейік, кейін Алла Тағаладан жәрдем сұрай отырып, өз бойымызда орташалық қасиетті қалыптастыру үшін амал жасайық.

материал «Отбасы бақытына апаратын 30 жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: