25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Туған-туыстың қақыларын сақтаудың маңызы

Туған-туыстың қақыларын сақтаудың маңызы

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жалпы туыстық қарым-қатынасты сақтау мәселесінде адамдар үш түрлі болады:

Бірінші, туыстық қатынасты сақтап әрі оларға жақсылық жасаушы адамдар

Хадисте ондай адамдар – «әл-уасилу» (Туыстық байланысты сақтаушы) деп аталған. Бұндай адам туыстардың ішіндегі сыйластық танытқандарымен ғана сыйласу емес, туыстық қатынасты үзіп қойған туыстарымен қарым-қатынасын бірінші болып түзеп, оларға жақсылық жасай біледі.

Осы себепті де ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам, (ол – оған қандай қарым-қатынас жасаса) сонымен ғана жауап беретін адам емес. Шындығында, туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам – ол туыстарының онымен қарым-қатынасын үзгеніне қарамастан, олармен араласуын үзбейтін адам!», – деп айтқан (Имам Бұхари).

Туыстық қатынасты сақтаған адамды Алла Тағала қияметте шексіз сауапқа бөлеп, бұл дүниеде ризығын мойлайтып, өмір жасын ұзартады. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кімризығыныңкөбеюінжәнеөмірініңұзаруынқаласа, туысқаныменқарым-қатынасынүзбесін», – деп айтқан (имам Бұхари, имам Муслим). Кейбір ғалымдар хадистегі «өмір жастың ұзаруына» деген сөздерді: «Алла Тағала ол адамның өміріне берекет беріп әрі ризық-несібесін молайтады. Әрі сол арқылы ол адам өзінің өмірінде басқалардың шамасы келмеген істі істеп үлгереді», – деп түсіндірген.

Ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Алладан қорқатын және туыстармен араласатын адамның өмір мерзімі ұзартылады, байлығы көбейеді және жақындарының сүйіспеншілігіне бөленеді», – деген.

 

Екіншітуыстық қатынасты үзушілер

Ондай адамдар хадисте – «әл-қатиғу» (үзуші) деп аталған. Бұл атау туыстық қатынасты сақтамайтын, олармен араласпайтын, қиналғанда жанынан табылмайтын адамдарға қатысты айтылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Туыстық қатынасты үзуші жәннатқа кірмейді», – деп айтқан (имам Бұхари, имам Муслим). Аталмыш хадисте туыстық қатынасты үзген адамға қатысты «жәннатқа кірмейді» делінуінен, туыстық қатынасты үзудің қаншалықты ауыр күнә екендігін түсінуімізге болады.

Жалпы ғалымдарымыз туыстық қатынасты үзуді үлкен күнәлар қатарына жатқызған. Имам Заһаби өзінің «Китабу-л-кабаир» (Үлкен күнәлар кітабы) атты еңбегінде, жетпіс түрлі ауыр күнәні тізіп, оның ішінде туыстық қарым-қатынасты үзуді тоғызыншы орынға қойған.

Сол үшін де, мұсылман адам туысқандық байланыста ұсақ-түйек дүние үшін ұғыспастыққа салынуға, ниеті бұзық адамдардың өсек-аяңы үшін ренжіске түсуіне,  дау мен жанжал қууына еш болмайды. Сүйінбай Аронұлы бабамыз:

«Ел баққанның тұқымы,
Көптің көңілін аулайды.
Дау баққанның тұқымы,

Болмашы істі даулайды.
Туысқанын жат көріп,
Жаудан жаман қармайды», – деп айтқан.

Бабамыздың бұл жерде: «ел баққан» деп «бағу» сөзін қолдануы тегін емес. Себебі, «бағу» сөзі  көбіне төрт түлік мал баққанға қолданылып жатады. Мал баққан адам оның түрлі машақатына төзіп, төрт түрлі мезгілде ауа райының ыстығы мен суығында сабыр етіп, бар ыждахатын салып, қарағанда  ғана еңбегінің жемісін көретіндігі сияқты, жақындарының бірлігін ойлаған адам да олардың кей ұнамсыз қылықтарына сабыр етіп, кешірімділікті ту ету арқылы ғана өзінің игілікті мақсатына қол жеткізбек.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ғаршыға ілулі тұрған туыстық байланыстар былай дейді: «Мені сақтаған адам Алла Тағаламен де  байланысын сақтайды. Менімен байланысын үзуші Алла Тағаламен де  байланысын үзеді», – деп айтқан (имам Бұхари, имам Муслим). Ендеше, дініміздің осындай қазыналарын тереңінен түсінген бабаларымыздың «Ағайынның азары болса да, безері болмас» деген сөзіне үңілер болсақ, туыс адам жаман болғанның өзін де одан безінуге, қарым-қатынасты үзуге болмайтындығын түсінеміз.

Үшіншіжоғарыда айтылған екі дәреженің ортасындағы адамдар

Бұндай адамдар туыстарына жақсылық та жасамайды, жаманшылығын да тигізбейді. Сыйласқанымен ғана сыйласады, араласпағандарымен араласпайды, оларды арнайы іздемейді.

Осылардың ішінде мұсылман адам бірінші санаттағы, яғни туыстық қатынасты сақтаушылардан болып, екінші мен үшінші санаттағылардан болудан сақтануы қажет.

материал «Мұсылман әдептері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: