25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Баланың өтірік айтуының қалай алдын алуға болады?

Баланың өтірік айтуының қалай алдын алуға болады?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ата-ана өз балаларын өз қолдарымен өтірікшілікке үйретпеуі тиіс. Мысалы балаға «Пәлен кісі келсе, мені үйде жоқ деп айт» деген ата-ана, өз қолымен баласын өтірікшілікке итермелеген және өтірік айтудың жаман нәрсе емес екенін көрсеткен болады.

Балаларыңызға ешқашан, қалжыңдап болса да өтірік айтпаңыздар. Өтірік айтқаныңызды түсінген бала мұны қалыпты нәрседей қабылдап, ол да өтірік айта бастайды. Балаңыз тәртіпті, жүйелі өмірді сізден үйренеді. Ойыншықтарын орнына қоюды, киімдерін көтеруді үйретуіңіз керек. Бірақ айқайлап ұрыспастан мұны ойын халіне келтіріп атқару керек.

Балалар көбінесе бұзықшылық жасағанда өтірік айтады. Айтқан әрбір сөзіне дереу сене салу да баланы өтірікшілікке дағдыландырады. Бала өтірік айтумен мәселенің жабылатынын, ата-ананың сол мәселе жайлы көп сұрамайтынын білсе, бұзықшылығын жалғастыра беретін болады, әрі сөздерінің арасына да көп өтіріктерді қосатын болады.

Баланы ұру дұрыс емес. Бала таяқ жеуден қорқады, бірақ істейтін қылығын жасырын жасай бастайды. Мұның салдарында бала қиындықтан өтірік айтып шығуға, алдауға әдеттенеді. Көп өтірік айтуды әдеттеніп өскен балалар кейінгі кезеңдерде өз өтірігіне өзі де сенетін болады, сенімсіз тұлға ретінде қабылданады, елге масқара болады.

Баланы өтірік айтуға, жаман қылықтарға әуестендіретін тағы бір маңызды фактор – жаман дос. Жаман дос – баланың дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз болуына себепші болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар ұзақ жылдар бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайды. Баланы кішкентай кезінен бастап намазға, адалдыққа дағдыландыру керек. Өскен кезде намаз оқуы қиын болуы мүмкін. Өзгенің мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, харам нәрсе жеуді көз алдына жаман, жиіркенішті қылып түсіндіру керек. Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат жасына толғанда бұл әдептердің ерекшеліктерін, маңыздылықтарын үйрету керек.

материал «Бақыттың кілті – жанұя» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: