26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ата-анаға деген реніш: «Мені ешкім жақсы көрмейді»

Ата-анаға деген реніш: «Мені ешкім жақсы көрмейді»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Баланың бойындағы реніш ол құрсақта жатқанда пайда болуы мүмкін, яғни, ата-анасы оны қаламаған кезде, алдырып тастау туралы ойлаған кездеақ, сәби оны құрсақта жатып-ақ сезіп жатады. Осыдан кейін балада «анаға реніш» деген үлкен дерт туады.

«Ол мені жақсы көрмейді» деп анасын жазғырады. Бәлкім, мынадай жағдай: «анасы оған суық қарауы; үнемі жұмыстан қолы босамауы; ашушаңдығы; әр істі қатаң қадағалап отыруы; немесе керісінше, аналық міндетіне жауапсыз жан болуы ықтимал. Бәлкім, шектен тыс сынайтын немесе «қалай дұрыс тәрбие берем?» деп сұраған болып, баласын үнемі өзгенің тәрбиесіне беріп қойды ма? Бала кезден келе жатқан өкпе-реніш: баланы ұнатпайтын бақша, лагерге, ата–ананың баланы қаламайтын жаққа жіберуі, жұмысбасты ана аз уақыт бөлуі, есейіп қалғанда «балам жақсы болсын» деп басқа қалаға оқуға жіберуі, анаға деген сағыныш, одан туған реніш болуы ықтимал. Әрбір адам осы секілді жан жарасын арқалап жүреді, өйткені ешбір ана баласын ол қалағанындай жақсы көре алмайды. Ана баласын қалай жақсы көрсе, бала да анасын солай жақсы көреді. Әйел адам өзін бала күнінде қалай жақсы көрсе, соны ғана бере алады. Шынайы махаббат көрсете алмаған аналар махаббатқа тоя алмаған бала тәрбиелеп, өсіреді. Дегенмен, бұл аксиома «еш нәрсе істей алмайсың» деген сөз емес. Баланың сезіміне көңіл бөлу, оның балалығына немқұрайлы қарамау, балалықпен танытып отырған уайымына бей-жай қарамау, үнемі онымен сөйлесіп отыру арқылы оның дұрыс толып, қалыптасуына көмектесесіз. Сонда ғана бала теріс ықпалда емес, ішкі сезімін ұстамдылықпен тежей алатын адам болып қалыптасады.

Осы тұста өткенге шолу жасағым келіп тұр. Егер ренішпен қоса тітіркену, ызалану, ашулану, жанның ауыруы секілді күшті сезімдерді сезінер болсаңыз, онда сіздің жан жараңыз өте ескі. Сіздің психикаңыз қаншалықты қорғанбақ болып, сол жерден кетіп қалса немесе ұрыс-жанжал берекені қашырады деп ырымдап жағдайдан шықпақ болса да, кейбір адамдар бәрібір сізді осы сезімдердің тұзағына түсіріп алады. Қатты айтар болсақ, олай қорғанудың пайдасы жоқ, олар одан сайын жаныңды жаралайды, өйткені қанша дайын болсақ та тағдырдың алдында шарасызбыз. Бала әкесінен: «мен сенімен мақтанамын, сен күштісің, қолыңнан бәрі келеді, мейірімдісің» деген сөздерді естігісі келеді. Иә, бала өзінің талантты екенін, бәрін істей алатынын, әкенің мақұлдағанын қалап тұрады. Бұл оған ерекше күш пен сенімділік береді. 

Сынайтын, бағаламайтын, немқұрайлы әке баласының таланты мен жетістігін мойындай алмайды, ал баласы болса өмір бойы кемсітілген, мойындата алмаған адам болып өмір сүреді. Мейлі көптеген жетістікке жетсе де сол түсінікпен қалады. Ондай адам айналасынан өзін мойындайтын адамды іздеп, алдынан шыққан беделді адамға жағымпазданып жүретін болады. Өкінішке орай, ондай адамдардың қайта-қайта салы суға кете береді, өйткені оның ішіндегі бостықты ешкім толтыра алмайды. Ол бостықты бала күнінде әкесі, ал өскенде өзі ғана толтыра алады. Өскенде өзін-өзі толтыру деген нұсқа үлкен ерлік пен руханиятпен жұмыс істеуді талап етеді деп айтуға келе ме? Оған көп жыл кетуі мүмкін, ол үшін жаныңның жарасымен бетпе-бет келіп, осы бір жағымсыз сезім жан дүниеңде қаншалықты дәрежеде жиналып қалған болса, соншалықты дәрежеде бастан қайта кешіруге тура келеді. Содан кейін ғана барып бос қалған психологиялық кеңістікті өзін мойындау, өзін бағалау мен өзін сыйлау деген ұғымдармен толтырып тастау керек. Қыз бала мен әке арасындағы қарым-қатынас өте маңызды, өйткені бұл оның болашақ жарымен жасайтын қарым-қатынасына әсер ететін болады.

материал «Кешірдім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: