26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әкенің тәрбиелік әдісі: Балаға серік болу

Әкенің тәрбиелік әдісі: Балаға серік болу

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Әке – балаға сыншы» деген нақыл бар. Әке – баласының болмысына қарап, болашағын болжап, бағыт беріп отыратын бағдаршам.

Ер жігіттің мінез-құлқының қалыптасуында әкенің орны бөлек. Бала әкеге қарап бой түзейді. Көп жағдайда әкенің айтқанын емес, істегенін істейді. Әр ісіне абай болмаған әкенің артынан ерген ұрпақ әрнеге ұрынуы мүмкін. Сол үшін де қазақ: «Әкеге қарап – ұл өсер» дейді.

Сегіз жастан кейін бала әкесімен бірге отырып, әңгімеге араласқанды қалайды. Әкесінің сөз саптауын, көптің ішінде өзін ұстау мәдениетін көріп, үлгі ала бастайды. Осы кезеңді әке дұрыс пайдалануы қажет. Баланы мүмкіндік туған жағдайда өзімен бірге алып жүру, арасында қалаған жеріне қыдыртып тұру қажет. Әкесінің жанында жүріп немесе үйге қонақтар келгенде дастарқан басында меймандарға қызмет ету арқылы да көп өнеге үйренеді. Сонымен бірге әр күні кешке жарты сағаттай әкелі-балалы болып әңгіме-дүкен құруды әдетке айналдырған жөн.

материал «Әке мектебі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: