27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Туған-туысқандардың алдындағы міндеттеріміз

Туған-туысқандардың алдындағы міндеттеріміз

Исламдағы отбасы
Жарнама

Туған-туысқандарымызды жанұямыздың бір бөлігі деп қарауымыз керек, олардың алдында біздің адамгершілік міндеттеріміз бар:

1) Туған-туысқандарымызды жақсы көріп, оларға құрмет көрсету;

2) Қажет болғанда қол ұшын беру;

3) Оларды ұмытпау, үнемі барып, көңіл күйлерін сұрастырып, сыйлық беріп тұру;

4) Алыста болғандарға хабарласып, жағдайларын сұрап, жанұя байланысын нығайту;

Немере әпке-аға, нағашы аға-әпкелер ата-ана сияқты. Оларды атаа-намыз сияқты жақсы көріп, сыйлауымыз керек.

Пайғамбарымыз: «Туысқандармен байланысты  үзген адам жәннатқа кіре алмайды» дей отырып, жақын-туысқандармен араласудың маңызды екенін білдірген.

Сахаба Абдулла ибн Әби Әуфа былай дейді: Біз пайғамбарымыздың жанында отыр едік. Бір уақытта: «Жақын-туыстарымен байланысын үзгендер бүгін бізбен бірге отырмасын», – деді. Сол кезде нағашы әпкесімен ренжіскен жас жігіт орнынан тұрып, нағашы әпкесіне барды да онымен татуласты. Содан кейін мәжілісімізге қайтып келді. Сол кезде пайғамбарымыз: «Туысқанымен байланысын үзген адамдары бар қоғамға мейірім шапағат жаумайды», – деді.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: