27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Екі жастың некесіз кездесіп, бірге өмір сүруі неліктен дұрыс емес?

Екі жастың некесіз кездесіп, бірге өмір сүруі неліктен дұрыс емес?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Сұрақ: Үйленетін ниеті бар қызбен жігіттің жақсы ниетпен «флиртовать етуі», бір-бірін жақсы тану үшін жүруі, кездесіп, сөйлесіп тұруы, некесіз бірге өмір сүруі неліктен дұрыс емес?

Жауап: Үйленетін жастардың флирт деп аталатын жүріске қажеттілігі жоқ. Керісінше бұлай жүрудің көптеген зияндары, қауіптері бар:

Мұндай жүрулерде тұзақ бар. Мұндай жүрушіліктердің көпшілігінде жігіт қызды алдап, мақсатына жеткеннен кейін тастап кетеді.

Флирт – ақылға салу, ойлану, дұрыспен бұрысты ажырату секілді сезімдерді перделейді. Флиртке дағдыланғандар жұбын жиі ауыстыратын болады. Жігіт тарапынан алданып, тасталған қыз елге масқара жағдайға түседі. Көбінесе жігітпен жүремін деп қыздар арынан (намысынан) айрылып жатады. Мұсылман қыз үшін бұдан асқан пәлекет бола алмайды. Флирт көптеген жастарды қаңғыбастыққа, бет алды мал шашуға, мақсатсыздыққа, ессіздікке ұшыратады. Жастар арасында төмендік комплексін, көре алмаушылық, қызғаншақтық, жек көрушілік, дұшпандық, анархия және түрлі рухани күйзелістер тудырады.

Флиртте нәпістің қалауы көзден таса жерде кездесуге шақырады. Соңында көптеген жастардың басы бәлеге қалады. Алдымен қызды алдап, мәжбүрлеп тұзағына түсіреді, қалауына жеткеннен кейін қызды айыптап, масқаралайды. Көбінесе осындай сезім майданында жарысқандардың түбі үнемі суықтықпен бітеді.

Жас жігіт иіскеген гүліне тез тойып, кейін басқа түстегі, басқа бір гүлді іздей бастайды. Ендігі бұл сахна бұл жігітті қызықтырмай, ондағы құпиялар ашылғаннан кейін, басқа құпияларды ашуға ынтығып, басқа асуларды қуалап кетеді. Осы тұрғыдан да жүру (флирт) деген нәрседен қыздар, әйелдер өте сақ болулары қажет.

Мұндай жағдайлар басынан өтпеген жастар үшін бұлар түсініксіз, орынсыз болып көрінуі мүмкін. Өйткені біреуге көңіл қойған, ғашық болып қалған адам, өзіне айтылған насихаттарға мән бермейді, жындының сандырағы сияқты қабылдайды. Сол себепті де пайғамбарымыз «Ғашықтық адамды керең және соқыр етеді» деген.

Кереңге не айтсаң да естімейді. Соқырға бүкіл түстерді көрсетіп шықсаң да, ешбірін ажырата алмайды. Ғашық болғанның да көзіне өзге ешнәрсе көрінбейді. Құдды нашаға тұтыққандай, нашақордай болады. Барлық жағынан қате, дұрыс емес екендігін біліп тұрса да бәрібір онымен үйленуді қалайды.

Флирт арқылы үйленген жастардың көпшілігі соңында өкініп қалуда. Сол себепті де салих болған ата-ананың кеңестеріне міндетті түрде құлақ салу керек. Ата-ана ұлының немесе қызының үйленетін адамына, балаларының көзімен қарамайды. Ащы, өмірлік тәжірибелерінен құралған парасаттарымен қарайды. «Ұлы сөзді тыңдамаған опық жейді» деген сөз бар. Жанұя мәселесін зерттеген мамандар «Флирт (жүру) арқылы үйленгендер ажырасуға жақынырақ болады» деген.

Бүкіл осы зияндардан да бөлек, ең маңызды болғаны, дініміз некесіз жүруді, кездесуді харам еткен. Харам нәрседе қайыр болмайды. Хадис шәрифте: «Алла Тағала харамда шипа жаратпады» делінген. (Бұхари, Хаким)

Алдағы уақытта үйленетін болса да діни некесі болмаған еркекпен әйел діни тұрғыдан бір-біріне бөтен саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Еркектің әйелге, әйелдің еркекке (шәһуатпен) қарауы харам.» (Табарани)

«Харамға қарау шайтанның улы оғы. Алла Тағаладан қорқып бөтен әйелге қарамағанға зауқты (қуатты) иман нәсіп болады.» (Рамуз)

«Кісінің басына темір қазық батырылуы, некесі түсетін бір әйелге қолының тиюінен жеңіл келеді.» (Табарани, Бәйһақи)

«Бөтен әйелмен құшақтасқан еркек шайтанмен бірге шынжырға оралып отқа тасталады.» (Шира)

«Әйелдермен бір жерде жалғыз қалудан сақтаныңдар. Аллаға ант етемін, бір кісі бір әйелмен жалғыз қалғанында араларына шайтан кіреді. Біреудің балшықты доңызбен қысылып қалуы, ол адам үшін өзіне халал болмаған бір әйелге тиюден де жеңіл болады.» (Табарани)

«Ей жастар, намыстарыңды қорғаңдар, зина етпеңдер! Жақсы біліңдер намысын қорғағанға жаннат бар.» (Хаким)

«Жамандықтан қорғану үшін некелі өмір сүріңдер және арлы болыңдар.» (Ибн Асакир)

«Ей әйелдер, тек қана махремдерің болған еркектермен сөйлесіңдер, махрем болмағандармен сөйлеспеңдер!» (Ибн Саид)

«Бөтен әйелге шахуатпен қарау көз зинасы, оны ұстау қол зинасы, оған бару аяқтардың зинасы.» (Р. Насихин)

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: