27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әйел көше үшін емес, күйеуі үшін сәнденуі керек

Әйел көше үшін емес, күйеуі үшін сәнденуі керек

Исламдағы отбасы
Жарнама

Отбасы ішіндегі көптеген түсініспеушіліктер екі тараптың бір-біріне қатысты міндеттерін орындамау салдарынан туындайды.

Діннің үкімдеріне, әмірлерімен тыйымдарына мойынсұну керек. Адамдарға дерт, бәле күнә жолымен, ал тыныштық, бақ-береке дінге мойынсұну жолымен келеді.
Әйел күйеуіне еткен жақсылықтарын міндетсінбеуі керек, азық-түлік, киім-кешек секілді тақырыптарда күйеуін ренжітпей, қолынан келмейтін нәрсені одан сұрамауы керек. Күйеуінің абыройын қорғап, әр істе оның разылығын алуға, оны қуантуға тырысып, оны ренжітпеуі керек.

Әйелдің үйінде күйеуі үшін сәнденуі сауап. Пайғамбарымыз бұған кеңес берген: «Исраил ұлдарының әйелдері үйлерінде сәнденбегендері үшін олардың еркектері зинаға түскен» деп білдірген. Әйелдер үйде өздеріне мән беруі керек, киіміне, сәніне, макияжына т.б. Өзін салғырт тастап қоймауы керек. Өйткені еркектер сыртта, жұмыс орындарында сәнді, макияжды, көрікті әйелдермен бірге болады. Кешке үйіне келгенде салғырт әйелді көргенде көздері далаға тарта бастайды.

Сондықтан әйел бар өнерін салуы керек, таңертеңгісін ерте тұрып күйеуінің азанғы асын дайындауы, есікке дейін амандық, сәттілік тілеп шығарып салуы керек. Кешке сәнденіп, өзін күтінген халде күлімдеген жүзбен күйеуін қарсы алуы керек. Күйеуінің сол күнгі стресін, шаршағанын басуы керек.

Еркектердің сыртта бөтен әйелдермен некесіз қарым- қатынасқа түсуінде үйдегі әйелінің де кесірі бар. Азанда күйеуі жұмысқа кетіп бара жатқанда ұйықтап жатуы, кешке келгенде көршінің үйінде болуы, назар аудармауы – осыған апаратын себептердің бірі. Үйден жақын, жылы қарым- қатынас көрмеген еркектер уақыт өте келе өзін сырттан табады. Бұл еркектер кінәсыз деген сөз емес, әйтсе де мұнда өз әйелдерінің де қосқан үлесі болады. Осындай жолға түскен ерлердің жанұялық өмірлерін зерттей келе әйелдерінің өз міндеттерін дұрыс, лайықты түрде атқара алмағандығы анықталуда. Жоғарыда өткен хадис шәриф те осының ишараты.

Өкінішке орай көптеген әйелдер үй киіміне, әшекейленіп, сәнденуіне назар аудармайды. Үйде қалай болса солай, ұсқынсыз болып киініп алады. Ал көшеге шыққанда ең жаңасын, ең әдемісін киіп шығады. Ал негізінде мұның терісі болуы керек. Мұсылман әйелдің сыртқа шыққанда сәнденуі жаиз емес. Мұсылман әйел көшеге шыққанда, көзге түспейтін қарапайым киім киюі керек. Иіссу сеппеуі керек. Иіссуді үйіне сақтауы керек. Әйелдің күйеуіне таза және әдемі киініп, сәнденуі уәжіп (Хиндийа).

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: