27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әйелді мейірімнен ұзақтататын амал

Әйелді мейірімнен ұзақтататын амал

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әбу Һурайрадан (p.a.) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай деген:

«Ері әйелін төсекке шақырғанда келмесе, оның бұл әрекетіне күйеуі ренжіп жатып калса, таң атқанға дейін періштелер ол әйелге лағнет айтады» (Бұхари, Бәдуль-Хали 7; Тирмизи, Рида 10; Әбу Дәуіт, Никах 40).

Хадиске түсініктеме:

Хадистегі төсекке шақыру сөзінен мақсат жыныстық қатынас жасау. Бұл хадистен үзірсіз (етек кірі жоқ) әйелдің, күйеуінің тілегіне қарсы шығуына болмайды деген үкім шығаруға болады.

Хадистегі таң атқанша деген сөзден түн мезгілі екені аңғарылады. Ал негізінде күн болсын, түн болсын қай кезде шақырса да баруға міндетті. Өйткені, кей риуаятта «келгенге дейін» десе енді біреуінде «күйеуі разы болғанға дейін» деген. Хазіреті Әбу Һұрайра мына хадисті де риуаят еткен: «Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) «мусаууифа» мен «муғаллисаға» лағнет айтқан. Мусаууифа: күйеуінің қалауын қабылдамаған әйел. Муғаллиса: күйеуінің қалауын хайыз (етек кір) болмаса да хайызбын деп қабылдамаған әйел». Осы жайында ибн Хузәйма мен ибн Хиббан Хазіреті Пайғамбардан (с.а.у.) мынадай хадис риуаят еткен: «Үш адамның намазы қабыл болмайды, істеген жақсылықтары көкке ұшады. Олар мыналар: Үйіне келмей қашып жүрген құл, сауықпаған мас және күйеуі разы болмаған әйел». Бұл хадистен періштелер күйеуіне құлақ салғандарға қайырлы дұға, ал қарсы келгендерге теріс дұға жасайтындығын аңғаруға болады.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: