27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Сахаба ана Умәмәның қызын ұзатарда айтқан 10 өсиеті

Сахаба ана Умәмәның қызын ұзатарда айтқан 10 өсиеті

Исламдағы отбасы
Жарнама

Умама бинти Харис (р.а.) қызы Үнәсты ұзатып жатқан кезде былай деп кеңес айтқан екен:

Балам! Насихат айтылған адамға еске салу, білмеген адамға сабақ болады...

Қызым! Сен ата-анаңның үйінен, өсіп жетілген ұяңнан ұшып, бұрын білмеген жат жұртқа бара жатырсың. Енді сен жарыңның ризашылығын алу үшін оған мойынсұнуың керек. 

Саған енді мына өсиеттерді айтамын. Осыларды жадыңа тоқып, керегінше әрекет ететін болсаң, күйеуіңмен бақытты да баянды ғұмыр кешуіңе себеп болады. 

1. Саған жейтін ас және киетін киім алып келген кезде, сен оны шын көңілмен қабыл еткейсің! 

2. Әмір еткен нәрселерін бұлжытпай орындауға тырыс. Тыйым салғандарын және орындама деп ескерткендерінен тыйыл. Сөзіне құлақ салып, мойынсұнғайсың! 

3. Үйіңді және үсті-басыңды әрқашанда таза ұста! 

4. Көрінгенде сүйкімсіз болған және иісі жағымсыз болған нәрселерден өзіңді аулақ ұста! 

5. Күйеуіңнің тамақ жейтін және ұйқтайтын уақыттарына ерекше мән бер. Бұл істерді қай уақытта істеуге әдеттенген болса, сол уақытқа тамағын және жатағын дайында. Себебі, аштық адамды ашушаң етеді, ал ұйқысыздық ренжігіш етеді. 

6. Күйеуіңнің дүние-мүлкін ысыраптан қорға! 

7. Күйеуіңнің абыройын асқақтату үшін оның туыстарымен жақсы мәміледе болуың керек! 

8. Қандай жағдай болмасын күйеуіңе қарсы келме! 

9. Қызым, мына нәрсеге көп көңіл бөл! Күйеуің көңілсіз кезде орынсыз қуанып-шаттанба. Ол қуанғанда сен көңіліңді түсіріп, мұңайма! 

10. Күйеуіңнің сырын ешкімге ашушы болма!

материал «Бір насихат, мың бір ғибрат» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: