27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әйелдің өзіне ғана тән қызметі

Әйелдің өзіне ғана тән қызметі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Алла Тағала әйелді жұбай әрі ана болатындай табиғатпен жаратты. Оның бойына сағыныш пен мейірім сезімдерін ұялатты.

Оған бала тәрбиелеу қабілетін сыйлады. Әйелдің негізгі қызметі – күйеуі үшін оның көзінің қарашығындай асыл жұбай болу, ал балаларына мейірімді ана болып, оларға жақсы тәлім-тәрбие беру. Негізінде, бала тәрбиесі көшеде немесе бала-бақшаларда емес, тәрбие отбасы, ошақ қасында жүзеге асуы тиіс. Бұл маңызды қызметке ана өз бойындағының бәрін жұмсамаса болмайды. Ислам діні бұл үшін әйелге бүкіл мүмкіндікті берді. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табуды оның мойнынан алып, түгелімен күйеуіне жүктеді. Сондықтан аса қажетті жағдай болмаса, әйел адамның үйден тыс жерде еңбек етіп, өзі мен балалары үшін қаржы табу жолында шаршап-шалдығуға міндетті емес.

Ислам оны бұл міндеттен толығымен босатқан. Сонымен бірге Ислам әйелді өзінің негізгі қызметіне берілуі үшін ер адамға жүктеген міндеттердің көбісінен босатты. Ислам әйел затын үйдің аясына ғана тән болуын қалады. Үйден тек негізгі қызметіне байланысты қажеттіліктер үшін ғана шығуына рұқсат етті. Бұл кейбір білместердің ойлағанындай әйелді кемсіту емес. Керісінше, оның ар-намысы мен абыройын сақтау үшін қажет. Әйел – үйіне тіршілік беретін рух болып саналады. Күйеуі жұмысынан үйіне кірген кезде жаны жай табады. Ол балаларына әкелерін шығарып саларда және қарсы аларда айтатын көркем сөздерді үйретеді. Үй шаруасымен және бала тәрбиесімен шұғылданады. Алла Тағала Құранда: «Үйлеріңде отырыңдар. Исламнан бұрынғы қылықтарыңдай сәнденіп, дене көріктеріңді көрмеге шығарушы болмаңдар», - деп шегелейді (Ахзаб сүресі 33-аят).

Қазіргі кездегі Ислами емес, батыстық әдет-ғұрыптарды ұстанып отырған қоғамдарда әйелдердің дене көріктерін көзге көрсетіп жүрулері әйелге құмар еркектердің зинақорлыққа ұрынуына әбден ықпал етуде. Мұсылман әйел бөтен еркектердіңкөзіне денесінің көркін көрсетпейді. Ар-намысы мен абыройын сақтайды. Осылайша, қоғамдағы әйел құмарлық дертінің жойылуына өз үлесін қосады. Санасы әйел тәнінің көркімен уланған еркектер немесе ашық-шашық жүргенді өзіне әдемі деп санаған әйелдер мұсылман әйелдерін артта қалған деп санайды. Бірақ, оның жүрегі иман нұрымен толып, Алладан келген жолдауға мойынсұнып, өзінің ар-намысы мен абыройын қорғап жүргендігінен бейхабар.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: