28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Әдейілеп түсік түсіруге салынған тыйым

Әдейілеп түсік түсіруге салынған тыйым

Исламдағы отбасы
Жарнама

Барлық ғұламалар ұрыққа жан біткеннен кейін оны алдырудың харамдығына және оны қылмыс санап, мұсылманның істеуіне мүлде болмайтынына бірауыздан келіскен.

Өйткені ол тіршілік белгісін берген, толық қалыптасып үлгерген жан иесіне жасалған қастандық болып табылады. Қолдан түсік жасау нәтижесінде нәресте тірі туылып барып өлсе, онда оған диет (құн) төлеу міндет болады. Егер нәресте өлі түссе, онда құн төлемі азырақ мөлшерде алынады. Ал ұрыққа жан берілгенге дейін түсік жасау туралы айтсақ, фиқһ ғылымы ғалымдарының көпшілігі бұл іске де тыйым салынғандығы туралы пікір білдірген. Бұған ұрықтың жатырда берік орналасуынан соң-ақ адамның жаралуы басталатыны туралы сахих хадистер дәлел бола алады. Мәселен, Хузайфа ибн Усайд (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Ұрық (ана құрсағында) бекігеннен кейін, қырық екі түн өткен соң Ал оны бейнелейтін және оған естуін, көруін, терісін, етін және сүйектерін
жасайтын періште жібереді», – деді», – деген.

Ибн Ражаб өзінің «Жамиъул улум уәл-хикәм» атты кітабында: «Кейбір фиқһ ғалымдары «егер ұрыққа жан бітпеген болса, оны алдырып тастауға болады» деген және оны алдын ала сақтанумен (жыныстық қатынас барысында ұрықты әртүрлі жолмен жатырға жібермеу, дәрілер қолдану, серіппе салдыру т.б.) теңестірген. Мұндай тұжырымды қате деп есептеген дұрыс. Өйткені ұрық бұл кезде қалыптасып үлгерген болуы, бәлкім адам бейнесіне еніп қалуы да мүмкін. Ал алдын ала сақтануда нәрестенің болуы мүмкін емес. Алдын ала сақтану ұрықтың жатырға өтіп, бала пайда болуына кедергі келтіреді. Егер Алла Тағала (бала пайда болуын) қаласа, ол да кедергі жасай алмайды», – деп жазған.

Әл-Ғазали «Ихия улумуд-дин» атты кітабында: «Алдын ала сақтану түсік жасау мен нәрестені тірідей көму сияқты емес. Өйткені қолдан жасалған түсік тірі жанға жасалған қастандық болып табылады. Ұрық жатырда түрлі сатыдан өтеді: біріншісі – ұрықтың жатырға түсуі және әйелден бөлініп шығатын сұйықпен араласуы, бұдан кейін оның тіршілік белгісін қабылдауға дайындалуы, ал ол үрдісті бұзу (не үзу) қылмыс болып табылады. Егер ұрық ұйыған қанға айналып үлгерсе бұл қылмыс одан да ауыр әрі жиренішті, ал ұрыққа жан беріліп, бейнеленген болса, онда қылмыстың ауырлығы тіптен арта түседі. Тірі ұрықты (яғни нәрестені) түсік арқылы қолдан түсіру, бұл – қылмыс жасаудағы жиреніштің ең жоғарғы шегі», – деген.

материал «Жұбайлар шаттығы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: