28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасылық өмірдегі қиындықтарды қалай жеңеміз?

Отбасылық өмірдегі қиындықтарды қалай жеңеміз?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Өмірде қиындыққа тап болуда сіз – жалғыз емессіз! Барлық адам белгілі бір деңгейде қиындыққа тап болады.

Осы қағида бәрімізге жұбаныш сыйлайды. Бұл – өмір заңдылығы. Себебі өмір – сынақ алаңы. Демек, адам баласы өмірде сыналады. Ол сынақ ауыр болуы мүмкін, жеңіл болуы мүмкін, бастысы – адамның сыналатыны. Мына нәрсені ұмытпағайсыз! Отбасылық өмірдегі қиындық пен түсініспеушілік – табиғи нәрсе, бұдан ешбір отбасы қашып құтылған емес. Бұрынғылардан қалған мынадай сөз бар: «тұз астың дәмін келтіргені секілді, қиындықтар да отбасылық өмірдің сәнін келтіреді, бірақ тұзды мөлшерінен асырып алмау қажет!» "Отбасыдағы қиындықтар, ерлі-зайыпты жандардың сүйіспеншілігін арттырып, оларды бір-біріне жақындата түседі». Өмір болған соң көптеген проблема, қайғы-мұң, рухани және материалдық қиындық қатар жүреді. Бір қызығы – өмір сонысымен мәнді!

Маңыздысы – адам сол сынақтан сүрінбей өтуге бар қайрат-жігерін жұмсағаны абзал. Себебі жоғарыда айтқанымыздай, сынаққа ұшыраған адамның ұстанатын екі ғана жолы бар: ол – қуанышқа тап болғанда шүкірлік ету, ал қиындықта сабыр сақтау.Расында, біз әрбір нығмет үшін Жаратушыға шүкірлік етумен нығметіміздің арта  түсуіне  жол  ашамыз,  ал сабырлық  таныту  арқылы қиындықты толық қайтарып жібермесек те мейлінше жеңілдетуге болады. Басқа түскен қиындықты сынақ деп саналы түрде қабылдай  білу адамға  басқа да қиындықтар мен түрлі  аурудың алдын алуына мүмкіндік туғызады, әрі  Алланың  құзырындағы дәрежесін  арттыра  түседі.  Ақиретте  шексіз сауапқа кенелтеді. Қайғыда сабыр сақтап, қуанышқа тап болғанда шүкір ету арқылы Раббысын еске  алған адамның жүрегі де тыныш болады. 

материал “Ең бақытты әйел” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: