27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жарыңызбен мәңгі бірге болғыңыз келе ме?

Жарыңызбен мәңгі бірге болғыңыз келе ме?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Айтарым, әйел болып жаратылған соң, күйеуімен бірге болса. Жұбайы әрі сырласы һәм досы болуды үйренуі ауадай қажет. Мазаламай, бір қарағаннан күйеуіңе не керегін түсінетін әйел бола біл. Сонда ер азамат жанындағы жары ақша беретін банкомат болғандықтан емес, тек азаматтығы үшін бас иетін жары екенін сезеді.

Баяғыда, өмірде көпті көрген кісіден үйленген жігіт әйелім жанымда емес менімен бірге екенін қалай білем?, – десе керек. Өмірден түйгені бар кісі: Оның он белгісі бар, соны жұбайыңнан тапсаң жан-тәнімен сенімен екеніне имандай сен. Бірінші:

Сенің көңіліңнен шығатын әрекет жасап, ашуың келетін шаруадан алыс болуы;

Әйеліңнің ой-пікіріне сенің ойың теріс болса, ашуланбаса;

Үйде болмаса уайымдап, босағадан аттасаң қуана қарсы алса;

Көңілің болмаса, ол да жабырқау күйде түсіп, ашулансаң ренжісе;

Қарапайым сыйлығыңа балаша мәз-мейрам болса;

Табысың аз болуы көңіліне қаяу түсірмей, сенің жұмысың мен қызметіңнен ұялып қысылмаса;

Сенің ойың мен пікіріңе ниеттес досың боп, жетістігіңе сенен артық қуанса;

Өзіне қатысты бір шешім қабылдамас алдын сенімен кеңессе;

Айтарға ортақ әңгіме таусылса, сенімен сөйлесу үшін тақырып тауып сырласуға құмар болса;

Сен бақытты ететін әрекетін ізденуден шаршамаса, – деген екен.

Әрине, бұл барлық әйелдің қолынан келе бермейтін өнер. Бұл – бақытты болу өнері. Бірақ, қол жетпейтін өнер түріне жатпайды. Бақытты болғысы келген кез келген келіншек меңгере алатын өнер.

Белгісіз бір заманда бір әйел: Күйеуімнің көңілінен шығу менің әйел бақытым екеніне көзім жеткен сәтте қалай бақытты ете аламын деп шамалы кідіріп тұрып қалдым. Соңыра, түсіністік таныту, сабырлы болу, кешіріммен қарау, жан-тәніңмен құрбан болу һәм барыңды бере білу деп түйдім,-деген екен.

материал «Құлаққа алтын сырға» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: