Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның алмайтын асуы болмайды!
(психологтардың кеңесі)
«әулетіміздің тірегі», «отағасы», «сенеріміз», «сүйеуіміз», «әкеміз», «осы үйдің егесі» деген сияқты сөздерді жиі айтып, мәртебесін көтеру;
оның қабылдаған шешімдеріне қарсы шықпай, сенім арту;
ер адамның ақыл-ой өрісінің қашанда әйелден бір саты жоғары екенін ескеріп, арқа сүйеу;
оның кез-келген еңбегін және жетістіктерін бағалау;
қызығушылықтары мен өзге қабілеттерін сыйлау;
отбасындағы беделі мен қадір-қасиетін сезіндіру;
адамның жеке кеңістігіне түсіністік таныту (телефон, компьютер, күнделік), сондай-ақ оның туыстарына және достарына құрметпен қарау.
Күйеуіңізді жай ғана құрметтеу жеткіліксіз. Себебі, оқыған, көзі ашық адам ретінде сыпайлық пен мәдениеттілікті қоғамдағы кез-келген адамға көрсете аласыз. Ал өмірлік жолдасыңыз автобуста бір рет орын беріп, енді ешқашан ұшыраспауыңыз да мүмкін қоғамдағы әйтеуір бір кісі емес қой? Сондықтан көшеде қаншалықты интеллигент болсаңыз, үйге келе салып маскаңызды шешкендей ер адамның мазасын алудың қажеті жоқ. Яғни түзде қандай сән-салтанатты болсаңыз, үйде одан да асып түспесеңіз, кем болмағаныңыз дұрыс. Бұл, әрине, «әдепті адамның рөліне кіріп ал да, шықпай қой» деген мағына емес. Күйеуіне, қала берді оның ет жақындарына деген құрмет әйел адамның болмысына айналып кетуі керек. Сонда ғана ер адам сол құрметті еселеп қайтаруға, қарымтасын беруге асығып тұрады. Оның да әйеліне деген құрметі оянады. Қазақ «ерін сыйлаған әйел есікте қалмайды» дейді. Ондай әйелдің Алла алдындағы дәрежесі артады. Ал Алла кімді жақсы көрсе, оны аспандағы періштелер де, жер бетіндегі адамдар да жақсы көріп кететіні хадистен белгілі. Сондықтан, құрмет отбасындағы бақытты сақтаудың ең маңызды бөлігі екенін ұмытпауымыз керек.
ummet.kz