26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақылымен арыстан ұстаған дана әйел

Ақылымен арыстан ұстаған дана әйел

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ол күйеуінен бұрын Исламды қабылдап, баласына ізгілікті, Исламды насихаттаған, күйеуі Әбу Тәлһаға бірқұдайшылықты үйреткен. Әрі дініміздегі әйелдердің ішіндегі мәһрі ең күшті әйел осы Румейса еді. Себебі, оның күйеуінен мәһр ретінде талап еткен нәрсесі – дүниедегі ең маңызды дүние бір Аллаға ғана құлышылық қылу болатын. Ал оның даналығы өз алдына бір төбе еді...

Бір күні күйеуі Әбу Тәлһа жоқ кезде олардың әл үстінде жатқан балалары көз жұмады. Бұл жайдан бейхабар күйеуі кешке үйіне келгенде Румейса анамыз болған жайды сездірместен, күйеуінің тамағын тойдырып, көңілін тоқ қылғаннан кейін ғана: «Я, баламның әкесі! Біреу біреуден аманат алса және оны қайтарудан бас тартса, онда оның бұл әркеті дұрыс бола ма?» деп сұрайды. Әбу Тәлһа: «Әрине, жоқ! Аманатты міндетті түрде өз иесіне тапсыру керек», - деп жауап береді. Дәл осы жауапты күткен анамыз сол сәтте: «Ендеше, Алла бізге аманат қылып берген баласын қайтып алды», - деп балаларының дүниеден озғанын естірткен екен. Румейса анамыздың бұл даналығы өзін әйел, ана санайтын барша нәзік жандыларға үлгі. Тіпті, ғалымдар оны еркектерге де үлгі болуға тұрарлық жандардың қатарына қосқан. Себебі сахаба әйел Румейса қолына қанжар алып соғысқа да шығып кететін еді. Кішкентай күнінде баласы Әнасқа кәлиманы үйретіп, оны тура жолда жүрсін деген ниетпен Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) берген. Румейса анамыз Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиі зиярат ететін адамы еді. Және бұл кісіге байланысты Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оның жәннатта жүргенін көргені жайында хадис жеткен.

Иә, Ислам тарихында да, қазақ тарихында да «ақылымен арыстан ұстар» дейтін сипатқа сай келетін әйел-аналар аз болмаған. Өмір жолын өнегемен өрнектеген бұл аналар – сол ұзын-сонар тізімнің бір бөлігі ғана. Өмірдің кез келген сынағын қайыспай көтеріп ерінің ары, балаларының жанашыр қамқоршысы бола білген осындай жандардан үйренеріміз көп-ақ...

Бөлісу: