26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

4. Бір аят тафсирі

Бір аят тәпсірі
Жарнама
إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعينُ

«Саған ғана құлшылық етiп, Сенен ғана жәрдем тiлеймiз».

 

Имам Сағди айтады: «Құлшылық - Аллаһ Тағала жақсы көретiн, Оны разы ететiн әрбiр амал мен iштей және әшкере айтылған сөздердiң жалпы атауы».[1]

Имам Ибн Кәсир айтады: «Сенен өзгеге құлшылық және тәуекел етпеймiз». Бұл кәмiл бойсұнудың үлгiсi. Дiндi өзiне мынау екi мағына қамтиды. Бiрiншiсi: Аллаһ Тағалаға серiк қоспау. Екiншiсi: пенде өз әлсiздiгiн сезiнiп, өзiн Аллаһ Тағалаға тапсыру».[2]

Әл-Һарауи (родиял-лаһу ғанһу) айтады: «Мойнында құлшылық мiндеттелген пенде: «Саған ғана құлшылық етемiз»-деп айтуы, Хақ Тағаланың Тәңірлігі мен Ол құлшылыққа лайық екенiн нығайту болып табылады».[3]

Бұл аятта: «Саған ғана құлшылық етемiз»-деген сөздiң: «Сенен ғана жәрдем тiлеймiз»,-сөзiнiң алдында айтылудың мәнiсi: «Пенде құлшылықтың әрбiр түрiнде Аллаһ Тағаланың жәрдемiне мұқтаж болу»,-себебiнен:[4] «Аллаһ Тағаланың ақысын пенденiң ақысынан алдын қою».[5] Өйткенi: «Пенденiң мақсаты – Хақ Тағалаға құлшылық ету. Бұл iсте Аллаһ Тағаладан жәрдем тiлеу – сол мақсатқа жету жолы. Аллаһ Тағаладан жәрдем тiлеуден бұрын Оған құлшылық етудiң мәнiсi: амалдарды маңыздылығына байланысты орындау».[6]

Жаратушыға құлшылық ету, құлшылық iсiнде Жаратушыдан жәрдем тiлеу мәңгi бақытқа қол жеткiзу және барлық жамандықтан аман болу жолы. Мәңгi бақытқа қол жеткiзу мен жамандықтан аман болудың басқа жолы жоқ. Ал амал қай кезде құлшылық болып табылады? Амал Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннәтiне сай Аллаһ Тағаланың разылығы үшiн орындалған жағдайда құлшылыққа жатады. Себебi, амалдың негiзiн Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннәтi және Аллаһ Тағаланың разылығы құраған жағдайда ғана амал құлшылыққа жатады.[7]

 



[1]تيسير الكريم الرحمن فى تفسير كلام المنان لعبد الرحمن بن ناصر السعدى”, دار الكتب العلمية, بيروت, 1993 م, ص 33.

[2]مختصر تفسير ابن كثير، اختصار الصابونى”, دار الكتب العلمية, بيروت – لبنان, 1981 م, 1/22.

[3]الجامع لأحكام القرآن للإمام القرطبى”, دار الكتب العلمية، بيروت -  لبنان, 1993 م, 1/101.

[4]تيسير الكريم الرحمن فى تفسير كلام المنان لعبد الرحمن بن ناصر السعدى”, دار الكتب العلمية, بيروت, 1993 م, ص 33.

[5]яғни, пенде алдымен Аллаһ Тағалаға қатысты мiндетiн өтеуi.تيسير الكريم الرحمن فى تفسير كلام المنان لعبد الرحمن بن ناصر السعدى”, دار الكتب العلمية, بيروت, 1993 م, ص 33.

[6]مختصر تفسير ابن كثير، اختصار الصابونى”, دار الكتب العلمية, بيروت – لبنان, 1981 م, 1/23.

[7]تيسير الكريم الرحمن فى تفسير كلام المنان لعبد الرحمن بن ناصر السعدى”, دار الكتب العلمية, بيروت, 1993 م, ص 33.

Бөлісу: