28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Екі дүниеде мұратыңа жеткің келсе...

Екі дүниеде мұратыңа жеткің келсе...

Ғибратнама
Жарнама

Омар ибн Абдулазиз – Омеядтар мемлекетінің сегінші билеушісі болған. 706-жылы қос бірдей Мекке мен Мәдина қалаларының әкімі болып сайланды.

Жаңа қызметіне кірісерде Мәдина қаласына барып, сол жерде әйгілі 10 ғалымын жинап: «Бауырларым, мен бұл екі қасиетті қалаға әкім емес, қызметші болып келдім. Басты міндетім – әділет жолынан айырылмау. Аманаттап алған бұл ауыр жүк пен жауапкершілікті қайтсем де дұрыс атқарамын, ақыл беріңдер», - деп сұрады.

Сонда ғұламалардың біреуі: «Екі дүниеде мұратыңа жеткің келсе, елдегі бар қарияны өз әкеңдей көр, бүкіл жастарды өз туған бауырыңдай, ал балаларды өз беліңнен шыққан перзенттеріңдей көр. Сөйтсең ғана бүкіл ел сенің өз үйіңдегі әке-шешең, бала-шағаң, бауырларыңдай болып кетеді», - деді.

Бұл сөздің оған әсері мол болды. Сонда да қызметіне кіріскен соң екі ай бойы иығындағы ауыр жауапкершіліктен басын көтере алмай, уайым-қайғыдан арыла алмай жүрді.

Алғашқы құтбасында былай деді: «Уа, жамағат, бізге жақын жүргісі келген адамның мынадай 5 қасиеті болсын:

1-халықтың мұң-мұқтажын бізге жеткізіп тұру;

2-жақсылық жасауда бізге көмек беру;

3-тек жақсылыққа нұсқау;

4-ешкім туралы өсек-аяң айтпау;

5-пайдасыз, бос нәрселермен айналыспау.

Мұндай қасиеттерден жұрдай адам біздің қасымызға жақындамай-ақ қойсын!»

Ummet.kz

Бөлісу: