26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Аптапта қалай ауыз бекітіп жүрсің?»

Ғибратнама
Жарнама

Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бір бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.

Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе, шақырыңдар, астан ауыз тисін», - деді. Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді.

Хажжаж оған: «Кел, бірге тамақтанайық», - деді.

Ол «Жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда: «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр», - деп жауап берді.

- Ол қандай дастархан? – дегенде:

- Алла Тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, - деді.

Хажжаж: «Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің?», - деп таңырқағанда, ол:

- Ия, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстыққа шыдап ораза ұстап жүрмін, - деп жауап берді. 

"Тағлым тамшыларынан"

Бөлісу: