28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Сіңілі сұраған қыз

Сіңілі сұраған қыз

Ғибратнама
Жарнама

Кешкі уақыт болатын. Кәусар әке-шешесімен дастарқан басында ас ішіп отырған.

Алыстан еміс-еміс азан дауысы естілді. Әкесі әдеттегідей үнсіз отырып, соңынан күбірлеп дұға жасады да бетін сипады. Байқампаз Кәусар: «Әке! Не үшін дұға жасадыңыз?»,-деп сұрады. Әкесі: Қызым! Азан мен қамат арасындағы тілек қабыл болады. Бұл пайғамбардың уәдесі,-деді. Не сұраса да қабыл бола ма? Иә, қызым. Қандай арман-тілегің болса, сұрауыңа болады. Кішкентай қыздың жүрегіне әкесінің бұл сөздері ерекше әсер қалдырды. Осыдан кейін күнде мектептен келе жатқанда, үйде ойнап отырғанда азан ести қалса отыра кішкентай алақандарын көкке көтеріп дұға жасауды әдетке айналдырды.

Бір күні анасының жанында ас үйде көмектескен болып, Кәусар да үсті-басы ұн боп жүрген. Кенет, мешіт жақтан азан айтыла бастағанда бір орында отырмайтын Кәусар әкесі сияқты отыра кетіп үнсіз тындады. Анасы қызының ықыласына дән риза. Артынан, азан біте сала тілегін әкесінің әдісімен ешкімге естірпей айтты да, ұн қолдарымен бетін сипады. Қара қызының жүзі аппақ ұн болғанына анасы біраз күліп алды да. Қызым: Құдайдан не сұрадың?,-деді. Сіңілі сұрадым,-деп Кәусар өзінің титтей жүрегіндегі бала арманын айтты. Анасы мұндайды күтпеп еді. Көздері жасқа толып кідіріп қалды. Кәусар үйдің жалғызы еді. Соңыра, біздің үйде бір қыз бар, енді ұл керек,-деп әзіл-шынын араластырып айтты анасы. Кәусар үнсіз тұрды да: жарайды,-деп келісті.

Бұл мәселенің де шешімін Кәусар тапты. Осыдан кейін: Алла Тағала! Маған сіңілі керек, сосын анамның да тілегін қабыл алшы,-деп дұға жасайтын болды. Жыл өтпей анасының қарнында сәби барын естіп Кәусар өзінің сіңілісін күте бастады. Қуанышында шек жоқ. Пәк жүрегімен анасының да тілегін Құдай қабыл ететініне сенімді. Ай күні жетіп анасы босанды. Кәусар үйде тағатсыздана күтіп жүр. Әкесі босағадан кіре сала кішкентай қызынан: енді сенің сіңілің де, інің де бар,-деп сүйінші сұрады. Кәусар болса: Мен білемін,-деді маңызды кейіп танытып. Қалайшы білесің?,-деген әкесіне: әр азан мен қамат арасында мен Алладан маған сіңілі, ал анама ұл берші деп тілегенмін,-деді.

Мұхаммед Ибраһим

 

Бөлісу: