28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ең шынайы достарым

Ең шынайы достарым

Ғибратнама
Жарнама

Өткен күні әлеуметтік желіде көп отыратын досымнан: «Қанша досың бар?», - деп сұрадым.

Ол маған: «Өте көп», - деп жауап беріп, үлкен сандарды айтты.

Содан кейін маған таңырқай қарап «Сенде де көп пе?», - деп сұрады.

- Жоқ, - деп жауап бердім.

- Менде сіздегідей көп достарым жоқ. «Не бәрі сегіз досым бар», - дедім.

Ол сұрағыма көңіл аудармастан бұрын санай бастадым:

Менің алғашқы әрі Ұлы досым - Алла. Ол, тіпті, мен ұйқытағанда да, мені бақылап тұрады.Одан ешнәрсе жасырын болуы мүмкін емес. Ол жазбастан бұрын басқа достарымның ешқайсысы қаламын қозғалта алмайды. Менің жақсы істерімде жүрек соғысымды кеңейтіп, мен дұрыс жасамаған кезде, көкірегімді тарылтып, білдіріп отырады, көбінесе сол арқылы дұрыс немесе қисық жолда екенімді түсінемін.

Келесі екі досым - Кираман мен Катибин.

Жақсы - жамандық, қайырым немесе зияндық жасасаңыз жасаңыз. Ғалым ұмытады, қалам ұмытпайды деп жазуды жалғастыра береді.

Менің төртінші «досым» - шайтан. Ол достарымның ішіндегі ең қауіптісі.Ешбір ісі қайырлы болмайды. Алдап азғырып, жаманды әдемі, улы нәрсені өмір суы етіп көрсетеді. Тұзақтары өрмекші торына ұқсас әлсіз болса да, адамдарды алдап қоюға керемет мүмкіндігі бар.

Менің бесінші «досым» - нәпсім. Белі бүгілген, күнәсіз кейіптегі қайыршыға ұқсайды. Аш көз, тоюды білмейді. Оның көздері әрқашан тоқтамай, жүгіріп бірнәрсені іздеп тұрады. Ол бәрін «өз құқым, менікі» деп айтады. Оның мылжың сөзінен құтылу мүмкін емес. Оны тек ғана аштық арқылы тәрбиелей аламын. Тізгініне ие бола алмасам, жартастан құлатып: «Әй, мынаған обал болды ғой!», - деп те айтпайды. Шайтаннан кейіңгі ең жаман «досым» осы.

Алтыншы досым - рыздығым. Мен әлі күнге дейін оның опасыздығын көрмедім. Бірақ, неден екенін білмеймін, мен оны әрдайым құрметсіз және кішкентай етіп көремін. Өзгелердің рыздығы маған тәтті және көп болып көрінеді. Мен әрдайым оның артынан еріп жүремін. Бірақ, ол оны қабылдамайды. «Жоқ, мен сенің артыңнан ерейін», - деп қасарысады. Кім біледі, мүмкін оныкі дұрыс шығар. Себебі, мен ұшаққа мінгенде, жолсеріктер оны аспанға көтеріп алып шығып, алдыма қойып: «Міне, сенің рыздығың!» - деді. Бұл әзіл емес.  

Ал, менің жетінші досым - қиыншылықтарым. Мен туғаннан бері олар мені жалғыз қалдырмады. Кейде олар желге ұқсайды, сипап ғана өтеді. Ал, көбінесе арсыз жолаушы сияқты отырған жерінен тұруды білмейді.

Олардың шыдамдары зор, адамға тыныштық бермейді. Біреуі орнынан жаңа тұрып жатса, басқасы есікті қағып жатады. Тек қана дұрыс түсіне алсам , маған келген барлық қиындықтар әрдайым артынан жақсы нәрселер қалдырады екен. Бірақ, көбінесе, олар кеткеннен кейін ғана түсінемін. «Әттеген-ай» деп қала беремін. Бірақ, ол әлде қашан кетіп қалған. Бұл - менің шыдамсыздығымның кесірі.

Ең соңғы досым - өлім. Кез-келген уақытта менімен бірге жүретін сөзсіз сылтауы бар. Жол-көлік оқиғалары, жүректің спазмы, тыныс жетіспеушілігі, табиғи апаттар, соғыс және террорлық актілер, қарттар мен аурулар оның жиі қолданылатын сылтаулары болып табылады. Егер, мен оны ұмытып кетсем, ол мені ұмытпайды, желкемде тұрады.

Бұлар - менің барлық достарым.

Шындығында, тағы біреу бар - Мені зиратта қалдырғаннан кейін, өзіммен бірге қалатын жақсы амалдарым. «Бұл менің ең шынайы досым! ..» ,- деп айтсам, маған ренжімейтін шығарсыз.

Барлығыңызға сүйіспеншілік пен сәлемдерім болсын ! Дендеріңіз сау болсын!

Мехмет Акташ

Түрік тілінен аударған: Қуат Қабдолда

Бөлісу: