27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Уайым-қайғыдан сейілтіп, қарыздан құтылуға сеп болатын ДҰҒА

Уайым-қайғыдан сейілтіп, қарыздан құтылуға сеп болатын ДҰҒА

Ғибратнама
Жарнама

«Уа, Аллам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай гөр!»

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَالْبُخْلِ وَالْجُبْنِ ، وَضَلَعِ الدَّيْنِ، وَغَلَبَةِ الرِّجَالِ[1]

Оқылуы:

Аллаһуммә йнни ә‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазәни уәл-‘ажзи уәл-кәсәли уәл-жубни уәл-бухли уә дал‘йд-дәйни уә ғаләбәтир-рижәәли.


Белгілі сахаба Әбу Саид әл-Худри (р.а.) аталмыш дұғаға қатысты мына бір оқиғаны әңгімелейді: Бірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) намаздан тыс уақытта мешітте отырған ансарлық Әбу Үмәмә атты кісімен арасындағы мына бір әңгімеге куә болдым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) :

- «Әй, Әбу Үмәмә! Намаздан тыс уақытта мешітте не істеп отырсың?», − деп сұрайды. Ол:

- «Уа, Алланың елшісі! Қарызға белшеден батып, қатты қиналып отырмын», − деп жауап береді. --- - «Саған оқығаныңда уайым-қайғыңды сейілтіп, қарыздарыңнан Алланың Өзі құтқаратын бір дұға үйретейін бе?»

- «Әлбетте, уа, Алланың елшісі!», − деп жауап береді Әбу Үмәмә.

Сонда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған осы дұғаны үйретіп: «Бұл дұғаны таңертең және кешке үзбей оқып тұрғын», − дейді. Кейіннен Әбу Үмәмә: «Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұйырғанын бұлжытпай орындап жүрдім. Соңында Алла Тағала менің барлық уайым-қайғымды сейілтіп, қарыздарымнан да толық құтылдым», − деген болатын.

Ummet.kz


 

 

[1] Бухари. 6363

Бөлісу: