Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез-келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз:
Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын:
«Әъузу би кәлимәтилләһит тәммәһ, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ»
أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّةِ مِنْ كُلِّ شَيْطَانٍ وَهَامَّةٍ وَمِنْ كُلِّ عَيْنٍ لامَّةٍ
(«Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ, әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын») деп айтатын», – деген (Бұхари).
ummet.kz