Аббаси халифасы Мемун халқымен кездесу кезінде тәуір киінген бір Яхуди көпшілікпен араласып мәжіліске қатысады. Сөз алып сөйледі, сөзі түзу, құлаққа жағымды. Халық тараған соң, Мемун оны қайтадан алдына шақыртып: «Сен Яхудимісің?» – деп сұрады. Ол «Иә» деген соң, оған: «Егер мұсылман болсаң, саған көп жақсылық жасаймын» - деп сөз береді. Ол: «Аталарымның дінінен бас тарта алмаймын», - деді.
Екінші жылы тағы да қабылдау күні әлгі адам мұсылман болып мәжіліске қатынасады. Бұл жиында өте өнегелі сөздерімен тыңдаушыларды елітеді. Халық таралған соң сұлтан оны шақырып ап: «Біз сенімен осыдан бір жыл бұрын көріскен едік. Ол кезде сен яхуди едің, қалайша мұсылман болдың?» - деп сұрады. Ол: «Сенің алдыңнан кеткен соң діндерді зерттей бастадым. Жазуым өте көркем болғандықтан, бірі кем, бірі артық үш нұсқа Тәурат жаздым да, Синагогаға апарып Яхудилерге саттым. Сосын бірі кем, бірі артық үш нұсқа Інжіл жаздым да, шіркеуге апарып Християндарға саттым. Олар да сатып алды. Сосын үш нұсқа Құран Кәрім жаздым да, мұсылмандарға апардым. Олар оның кемшіліктері мен артықшылықтарын көрді де, көзін жойды. Осы жағдайды көріп қасиетті Құранның қорғалғанын түсіндім. Осы себептен мұсылман болдым» - деді.
Яхия бин Ексем (Алла оған разы болсын) осы оқиғаны Суфиян бин Уйейнеге (Алла оған разы болсын) әңгімелеп бергенде, ол «Мұның хабары Құран Кәрімде. «Ниса» сүресінің 44-ші аятында Інжіл мен Тәураттың қорғалуы сол діннің ғалымдарына жүктелді, бірақ олар бұл міндетті зая ететіндіктері баяндалған. Ал біздің кітабымыздың қорғанысын«Күмән жоқ, ол зікірді (Құран Кәрімді) Біз түсірдік, қандай жағдай болса да Біз оны қорғаймыз»деген мағынадағы (Хижр 9) аяты арқылы Алла Тағала тікелей өзіне алған, ол ешуақытта зая болмайды» деді.