Атеист:
– Бір нәрсенің басы мен соңы болмауы мүмкін бе?
– Әрине мүмкін
Атеист:
– Қалай?
– Санауды білесіз ғой,бірдің алдында қандай сан бар?
Атеист:
– Ештеңе жоқ
– Осы жалғандағы бірдің алдында ештеңе болмағанда,шынайы Бірдің (Бір Аллa) алдында қалайша бір болсын?
Атеист:
– Кез келген нәрсенің бір бағыты болады.Сен айтқан шынайы Бірдің (Бір Алла) жүзі қай жаққа қарап тұр?
– Шамды жаққанда жарығы қай жаққа түседі?
Атеист:
– Белгілі бір жақ деуге болмайды
– Жалғандағы жарықтың бағытын таппағанда,мәңгілік нұрдың бағытын қалай таппақсың?
Атеист:
– Шынайы Бар деген Алланың орны қайда?Неге оны көрмейміз ендеше?
– Сенің ақылың бар ма?
Атеист:
– Әрине,бар
– Бар болса неге көрмейміз дейсің,ақылың бар болса көрсет қане?
Атеист:
– Жарайды,бар болған сол Алла дәл қазір нестеп жатыр?
– Сен мінберден түсіп менің орныма кел,мен мінберге шығайын,саған сол жерден жауап беремін.
Атеист мінберден түсіп жатқанда жас Нұғман былай дейді:
– Алла тағала сен сияқты имансызды мінберден түсіріп, мен сияқты имандыны мінберге шығарды,Оның қазіргі ісі осы!