26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кемшілік кімде?

Ғибратнама
Жарнама

Ахмет Рафи бір күні шәкірттерінен:

– Менің кемшілігімді байқаған адам болса айтсын, – деп өтініпті.

Сонда шәкірттерінің бірі тайсалмастан: – Ұлы ұстаз, сізде мен байқаған үлкен бір кемшілік бар, – депті.

Өз кемшілігін шәкірттерінен сұрауға арланбайтын өте кішіпейіл ұстаз шәкіртінің бұл сөзіне қабақ шытпастан сол кемшілігін түзетпек ниетпен:

– Иә, айта ғой, – дейді жай ғана, – ол қандай кемшілігім?

Көзі жасқа шыланған шәкірті сонда:

– Біз секілді лайықсыз жандардың сізге шәкірт болуы, – дейді.

Әлгі шәкірттің бұл сөзін естігендер тегіс жылапты. Ахмет Рафи да көз жасына ерік беріп еңкілдеп жылаған күйі: – Мен сендердің қызметшілерің ғанамын, мен бәріңнен де төменмін, – деген екен.

Бөлісу: