26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаздағы іс-әрекеттің мәні не?

Ғибратнама
Жарнама

«Атымды адам қойған соң,

Қалайша надан болайын», - деген Абай атамыз, біреуге арзан көрінгенмен, біреуге маржан болған дана сөздерінде. Алла Тағала бұл жалғанда адамды, өзге тіршілік иелерінен көркем бейнеде жаратқан.

Адам ақылдылығымен, сөйлесу, ойлау, еңбек ету, сүю қасиеттерімен ерекшеленеді. Әлемді тербеткен ананың құрсағынана құндаққа түскенде адам боп туасың. Ал, адам болып туған соң адам болып өткен жөн. Бұның бәрін неге қозғап отыр дейтін шығарсыз? Намаздағы іс қимылдың адами қасиеттерге қандай қатысы бар деп ойлап отырған боларсыз?

Ол мынада:

Намаз оқығанда бірінші қиямда тік тұру арқылы араб тіліндегі алиф(ا)әріпін бейнелейміз, одан кейін рукуғқа барып беліміздің тұсына дейін еңкейгенімізде дәл(د)әріпін, сәжде қылып, басымызды жерге тигізгенімізде мим (م) әріпі шығады. Мұның даналығы жоғарыдағы іс қимылдардан туындаған әріптердің қосындысының «Адам» сөзінің шығуында. 

 

  

«ummet.kz» рухани – ақпарттық порталы

Бөлісу: