05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Нағыз байлық

Ғибратнама
Жарнама

Бірде данышпанға бір жас келіншек келіп: «Бұл өмірде менен сорлы, менен кедей жан жоқ. Жағдайым өте қиын. Сіз маған көмектесе аласыз ба?» - дейді.

Данышпан әйелдің қолындағы сәбидің басынан бір сипады да жымиып тұрып:

– Кедеймін де... Егер менің көмектескенімді қаласаң, сәбиіңнің бір саусағын маған сат.

Данышпанның бұл сөздеріне таңырқаған әйел «мына кісі мені мазақ қып тұр ма» дегендей кейіп танытты.

Алтынға толы бір қапты ұсынған данышпан:

– Мен балаңның тырнағын сатып алуға да келісемін, ауруды сездіртпей аламын.

Мына сөздерге шошып кеткен ана баласын құшағына қаттырақ қысып кетуге асықты.

– Бар болғаны тырнақ қой. Оның қайта өсіп шығатынын өзің де білесің.

Баласын бауырына тығып қашып бара жатқан әйелдің артынан данышпанның:

– Түсіне алар емеспін. Сен қандай кедейсің? Бір қап алтынды қолыңдағы байлығыңның кішкентай ғана бөлігіне де айырбастағың келмейді! - деген сөздері естілді...

Бөлісу: