26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Туа сала сөйлеген сәбилер

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарымыз : «Туа сала үш ақ адам сөйлеген: 1. Иса пайғамбар, 2. Журейжге шындықты айтқан сәби. 3. Анасына қарсы тілек тіліген сәби»,- деген Әбу Хурайра риуаятында.

Израйыл ұрпағынан шыққан Журейж есімді тақуа жан туралы сөз қозғаймыз. Ол намазын оқып жатқанда, анасы оны іздеп шақырады. Сонда ол жауап берейін бе, намазымды жалғастыра берейін бе деп ойлап болғанша. Анасы қарғыс дұға қылып: «О Құдай Журейжді жезөкшенің жазасына қалдырмай алма», -дейді. Ана дұғасы алғыс болсын, қарғыс болсын қабыл болады.

Сол ауылда өмір сүрген пасық ниетті екі кісі бәс тігіп, тіккен бәстері Бір әйелді жіберіп, Жүрейжді азғырып зинаға тарту еді.

Журейждің өзінің оңаша құлшылық жасайтын ғибадатқанасы болады. Әйел оның ғибадатқанасына келіп, оны зинақорлыққа азғырады. Ол құлшылығын жасап, бас тартады. Кайтып келе жытып, даладағы бір қойшыны азғырып, одан бала көтереді. 

Айы –күні жетіп, бұл өмірге бала келеді. Әлгі әйел жаһанға жария қылып, «Пәлен уақытта мен Журейжді азғырып, міне содан туып алдым»,- дейді. Бүкіл ел ашуға мініп Журейждің ғибадатқанасына келіп, оны қиратып, балағаттап кетеді. Журейж болса Құдайға шүкіршілгін айтып, Сіздер маған сенбей келіп отырсыздар ма? Онда сәбиден сұрап көріңіздер дейді. Сонда балаға келіп: «Айналайын сенің әкең кім?»,-дегенде, бесіктегі сәби: «Менің әкем –қойшы»,- деп жап береді. Жиналған жұрт Журейжден кешірім сұрап,: «Алтыннан ғибадатқана салып берейік»,- дейді. Журейж: «Саз балшықтан – ақ соға беріңдер»,-дейді.

 

«ummet.kz»рухани ақпараттық порталы

Бөлісу: