05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

«Алланың алдында қадірім болса - ол да анамның дұғасынан...»

Ғибратнама
Жарнама

Баязит Бистами «Ғылымда бұндай биік дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрағандарға:

- Анамның дұғасымен, - деп басынан өткен мына оқиғаны айтушы еді.

«Бір күні анам қатты ауырды. Қасынан бір елі ажырамадым. Түнде анамның аяқ жағында отырған едім. Бір уақытта: «Ботам, су берші?» деді. Тұра жүгірдім, бірақ үйде су бітіп қалыпты, асығып ауыл сыртындағы бұлаққа бардым. Суды алып келсем, көзі ілініп кетіпті. Қолымдағы суды ұстап, оянғанын күтіп отырдым. Таң ата анам оянды, мен суды ұсына қойдым. Шешем басында ештеңе түсінбей тұрды да, есіне түскеннен кейін көзіне жас алып былай деді: «Я, Жаратқан, мен ұлыма разымын, сен де разы бол гөр!»

Баязит Бистами сөзін ары қарай жалғап: 

- Егер Алланың алдында аз да болса қадірім болса, ол анамның сол дұғасынан деп білемін, -дейтін.

Бөлісу: