26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайғырма...

Ғибратнама
Жарнама

Қайғырма, себебі сенің кеше ғана қайғырғаның ештеңеге де пайда берген жоқ қой. Ұлың емтиханнан құлап еді, қайғырдың, өтіп кетті ме?! Әкең қайтыс болып еді, қайғырдың, тіріліп келді ме?! Саудада зиянға ұшырап едің, қайғырдың, зияның пайдаға айналды ма?!

Қайғырма, себебі сен бір қасіретке қайғырып едің, бір қасірет бірнеше қасіретке айналып кетті. Кедейлігіңе қайғырып едің, жоқшылығың бұрыңғыдан да асып кетті.

Қайғырма, себебі қайғыру саған мөлдір суды лай, әтіргүлді арамшырмауық, бау-бақшаны сахара, өмірді шыдап болмас абақты етіп көрсетеді. Қайғырма, егер сен кедей болсаң, қарызға батып жатқандар қаншама?! Егер сенде көлік жоқ болса, басқаларда тіпті аяқ та жоқ қой... Егер сен бірер аурудан күйзеліп жатсаң, неше жылдан бері төсек тартып жатқандар да бар... Егер сен бір балаңды жоғалтқан болсаң, біл жол апатының өзінде бірнеше баласынан айрылып қалып жатқандар бар.

Қайғырма, өйткені, сен Аллаһ тағалаға, елшілеріне, кітаптарына, қиямет күніне, тағдырдың жақсысына да, жаманына да сенген мұсылмансың.

Қайғырма егер күнә іс жасаған болсаң, тәубе ет. Жамандық жасаған болсаң, кешірім сұра, қате жасасаң, түзет. Мейірім – кең, есік – ашық, жарылқау – мол, тәубе қабыл болады.

Қайғырма, себебі сен қайғырумен жүйкеңді жұқартасың, тыныштығыңды бұзасың, өзіңді шаршатасың, ұйқыңды қашырасың.

Қайғырма, сенің екі көзің, екі құлағың, екі ерінің, екі қол, екі аяғың, тілің тағы да басқа мүшелерің толықтай бар. Сен тыныштықта-аман өмір сүріп жатырсың. Аллаһ тағала: «Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін жоққа шығарасыңдар»-деген. (Рахман-16).

Бөлісу: