Тақуа кісілердің бірі Әбу Бәкір Уаррақ бір әңгімесінде:
«Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін маңайымдағы кісілерге қарап, кімнің адал ас, кімнің арам ас жегенін ажырата алам, – деді.
Жанындағылар: – Ұстаз, оны қалай ажыратасыз? – деп сұрағанда, былай деп түсіндірді:
– Кімде кім таң ата бос сөз, бөстекі әңгімеге салынса, әркімдерді сырттай жамандап, былапыт сөз айта бастаса, демек, оның бұл әрекеті арам ас жегендігінен туындауда деп түсінем.
Ал егер кімде-кім таңертең тұрғаннан кейін әуелі Алла Тағаланы көп зікір етіп, тәухид кәлимасын айтып, өзіне кешірім-истиғфар тілесе, оның бұл әрекеті адал ас жегендігінен. Өйткені адал да, арам да адамның күнделікті іс-әрекетіне міндетті түрде әсер етеді».
«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы