05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Тағдырыңа разы бол

Ғибратнама
Жарнама

Разылық дегеніміз - тағдырға разы болу. Жақсылық та жамандық та, қуаныш та қайғы да, баршылық та жоқшылық та, барлығы Алла Тағаладан деп білу.

Разылық - адамды Алла Тағалаға алып баратын төте жол.

Разылық - жер бетінің жұмағы.

Разылық - бақыттың кілті...

Алла Тағала айтады: "Уа, адам баласы! Егер Менің саған бөліп бергеніме разы болсаң, жаның мен тәніңе тыныштық сыйлаймын [жаның жай тауып, рахат күйге бөленесің]. Әрі Менің алдымда абыройлы боласың. Ал егер наразы болсаң, дүниені сенен үстем етемін [нәтижесінде, "адам" деген атыңнан айырылып, дүниенің құлына айналасың]. Сен оның ізінен [таң атқаннан күн батқанша] жыртқыш аңша жүгірумен боласың. Бірақ, бәрібір маңдайыңа жазылғаннан артық ештеңе ала алмайсың. Есесіне, Менің алдымда [абыройдан айырылып] қор боласың".

Билік те, байлық та бақыт сыйлай алмайді бізге. Бақытты біз жүректегі разылық пен қанағаттан ғана таба аламыз.

Алланың елшісі айтады: "Байлық - мал-дүниенің көптігінде емес, байлық - жан-дүниенің тоқтығында".

 

 

Аударған, Дастан Құрманбаев

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: