26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Дүние – олардікі, ақырет – біздікі»

Ғибратнама
Жарнама

Хазіреті Омар шынтуайтында, өте қарапайым өмір сүрген. Бірақ Аллаһ елшісінің өмірі сүйікті сахабаның да көздерін еріксіз жасаурататын.

Бір күні Пайғамбарымыздың: «Омар, неге жылайсың?» деген сұрағына ол: «Пайғамбарым, дәл қазір патшалар құс төсектерде жатқанда, Сен ши үстінде жатырсың. Ши де, әне, денеңе батып із тастапты. Алайда, Сен Аллаһтың елшісісің. Рақат өмірге бәрінен де лайықсың!» дейді.

Сонда Рақым Пайғамбары: «Омар, сен дүние – олардікі, ақырет – біздікі болуына риза емессің бе?» деп жауап берді.

Бөлісу: