25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сахабалардың аяулы жарлары

Сахабалардың аяулы жарлары

Ғибратнама
Жарнама

Әбу Бәкірдің (р.а.) соңғы күндері. Сыддық төсек тартып қалды.

Қайтыс болсам мені Әсмә жуындырсын,-деді. Бұл оның өсиеті еді. Ғұмайсқызы Әсмә – Құдай қосқан қосағы. Кісілердің бірі: Неге, біз жусақ қайтеді?,-деп жатты. Әбу Бәкір (р.а.): Ол менің жүрегіме жақын,-деді. Әбу Бәкір хәл үстінде. Ал, жұбайы болса аузы берік ораза. Ажалмен алысып жатса да әйелінің жағдайын ойлады. Ертең жаназа шаруасымен жүргенде әлсіреп қалады деп. Сыддық бақилық болғанда, күйеуінің уайымы есіне түсті. Әсмә күйеуінің көңілі үшін оразасын ашқан екен. Әбу Бәкір мен Әсмә. Күйеуінің жарына деген мейірімі. Һәм әйелінің оған бойұсынуының ғажап бір үлгісі. Міне, кіршіксіз таза сезім. Дүниеден озған жолдасының көңіліне ұнайтын амал жасауда. Кешегі әжелеріміз осы жолды ұстанды. Бүгінгі келіншектер осынау сара жолдың ізін жалғаса екен деген игі тілек бар.

Әли (р.а) үйіне кіріп келсе, жұбайы Фатима (р.а) оның мисуагімен тісін тазалап тұрған екен. Сонда шайқастың да, шешендіктің де батыры Әли (р.а):

Ей, арак мисуагы оның тісіне тию саған нәсіп болыпты,

Сені мен көріп қояды деп қорықпадың ба?

Жауынгер болсаң, сенімен шайқасар ем,

Сенен басқа оны ешкім менен тартып ала алмайды, - деген мағынада екі жол өлеңді шумақтата жөнелген екен.

Әли (р.а) Фатимаға (р.а) деген ыстық сезімін:

Мұхаммедтің қызы – менің жан рақатым, жұпар, Оның етінде менің қаным және етім бар.

Қос немересі Ахмедтің – менің балаларым болар, қайсыбіріңнің қанжығаңда менікіндей олжа бар, - деген екен.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: