26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

Ғибратнама
Жарнама

Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

- Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады?, – деп сұрапты.

- Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі – арнайы қонақ, екіншісі – құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.

- Ал оны қалай айырамыз?, – дегенде:

- Арнайы қонағымыз, алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас-жораң. Міне, бұл – нағыз сыйлы қонағың. 

Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл – нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ. Міне, бұл – нағыз далбаса қонағың.

Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың, - депті, көпті көрген көне би Төленді қарт. 

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: