26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ибраһим (а.с) пайғамдардың қонақжайлығы

Ибраһим (а.с) пайғамдардың қонақжайлығы

Ғибратнама
Жарнама

Келген қонақтың ұлты мен дінінің қандай екеніне қарамастан қонақжайлыққа сай сый-сипат жасауды Алланың Өзі Ибраһимге үйретіп, біздерге үлгі еткен.

Бір күні Ибраһим пайғамбардың есігіне бір мүшрік (отқа таыбнушы) қарт кісі келіп, қонып-түстеніп кетуге рұқсат сұрады. Ибраһим пайғамбар болса: «Сен отқа табынатын адамсың, сені қалай үйіме кіргіземін, жалған дініңнен бас тартпайынша  табалдырығымнан аттатпаймын» деп қайтарып жіберді. Содан кейін Алладан Ибраһим пайғамбарға аян келді: «Әй Ибраһим! Құдайы қонақ болып келген кәрі кісіні иман келтірмегені үшін үйіңе кіргізбедің бе? Бір түнетіп, қонақ етсең, ол саған зиян келтірмес еді. Ал Біз болсақ оның күпірлігіне қарамастан оған жетпіс жыл ризық беріп келеміз» - деді. Әлемдердің әміршісі Алланың Өзінен естіген бұл ескертуінен кейін қалай қателескенін білген Ибраһим пайғамбар таң атар атпастан жолға шығып, шарқ ұрып іздеп жүріп, сол шалды тауып алады. Оны ізінен қалмай, жалына жүріп, үйіне қонаққа шақырады. Сонда ол: «Саған не болды Ибраһим! Кеше мені өзің қуып шығып, бүгін қонақ бол деп жалынасың, аяқастынан бұлай өзгеруіңнің сыры неде?»- деп сұрады. Ибраһим Халилуллаһ болған жайтты айтып бергенде, қария: «Менің күпірлігіме қарамастан Раббым маған мейірімді екен» деп, көзіне жас алып, Ибраһимге қолын созып тұрып: «Мен, бір Алладан басқа құлшылыққа лайықты тәңірдің жоқ екендігіне және Сенің Алланың елшісі әрі құлы екеніңе куәлік етемін» деп иманға келген екен.

Міне, Алланың досты бір рет қонақтың бетін қайтарып, Раббысынан сөгіс алса, қонақжайлылығымен бір адамның иманға келуіне себеп болды.

Ибраһим (а.с) кісі келмесе өзі іздеп болса да қонақ күткенді жақсы көріпті. Құранда Ибраһим пайғамбарға келген екі періште туралы баяндалған аятта: 

«Расында елшілеріміз (періштелеріміз) Ибраһимге (а.с) хош хабармен сәлем берді. Ибраһим (а.с) олардың сәлемін алып сонда дереу пісірілген бұзау келтірді»

Адам кейіпінде келген періштелерді танымай жалғыз бұзауын сойып тастап, олардың алдарына тартқандығы айтылған. Меймандарының ештеңе жемей отырғанын көріп, секемденгенін сезген періштелер, Оған Исмаил атты қадірлі пайғамбар болатын ұлмен сүйіншілеуге келген Алланың хабаршылары екенін жеткізді. Осы аяттан Ибраһим пайғамбардың қонақжайлығының қандай дәрежеде болғанын байқауға болады.  

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: